thumb|alt=Қабат нөмірлері брайль жазуымен жазылған лифт батырмалары|Брайль жазуы бар лифт батырмалары alt=Балалар арбасы бар әйел көше деңгейінен жоғары станцияға кіріп, шығу үшін платформалы лифт қолдануы|thumb|Бразилияның Куритиба қаласындағы қоғамдық көлік жүйесі мүгедектер арбасына арналған лифттер арқылы әмбебап қолжетімділікті ұсынады.

Қолжетімділік — өнімдердің, құрылғылардың, көліктердің немесе орталардың мүгедектердің қолдануына жарамды етіп жасалған дизайны.

Заңнама thumb|alt=Көк фонда мүгедектер арбасының үстінде отырған адамның ақ сызықты бейнесі|Халықаралық қолжетімділік символы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған қолжетімді аймақты білдіреді.

Мүгедектердің құқықтары қозғалысы әлеуметтік, саяси, және экономикалық өмірге тең қолжетімділікті жақтайды, оған тек физикалық қолжетімділік қана емес, сонымен қатар мүгедек емес адамдармен бірдей құралдарға, қызметтерге, ұйымдар мен нысандарға (мысалы, мұражайларға) қолжетімділік кіреді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясының 9-бабы қол қоюшыларды өз елдерінде толық қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндеттейді.

Бұл термин көбіне қозғалысы шектеулі адамдарға көмектесетін нысандар мен жағдайларды (мысалы, мүгедектер арбасына арналған пандустарды) сипаттау үшін қолданылғанымен, мүгедектіктің басқа да түрлеріне қатысты болуы мүмкін. Яғни, қолжетімділік нысандар Брайль қаріптері, лифттер, жаяу жүргінші өткелдеріндегі дыбыстық сигналдар, жаяу жүргіншілер жолының бедерлері, вебсайттарға қолжетімділік және қолжетімді баспа сияқты нысандарға да қатысты қолданыла алады.

Қоғамдық кеңістік alt=Үлкен қар үйінділері үйілген тротуар|thumb|Барлық жерлерді қардан тазалау әрекеттеріне қарамастан, тротуарлар сияқты жолдарға қарағанда маңыздылығы төмен саналған жерлер кейінге қалдырылады, нәтижесінде жаяу жүру қиынға соғады. Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы (2006) мүгедектердің «физикалық ортаға», «көлікке» және «қоғамға ашық немесе жұртшылыққа берілген басқа да нысандар мен қызметтерге» «басқалармен тең дәрежеде» қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін «тиісті шараларды» талап етеді. Бұл талап «жолдарға», «көлікке», сондай-ақ «ғимараттар мен басқа да жабық және ашық нысандарға» да қатысты.

Сонымен қатар, қала орталықтарын жаяу жүргіншілерге бейімдеу мақсатындағы белсенді тасымал, "ортақ кеңістік" бастамаларын көтеру көру қабілеті нашар және бұл ортаны түсініксіз, тіпті қауіпті деп санайтын жаяу жүргіншілерге күтпеген кедергілер тудыруы мүмкін. Қалалық кеңістіктердің мүгедек жаяу жүргіншілерді қамтитынын кепілдендіру үшін жобалаудың тиімді тәсілдері болғаны маңызды. Бұл тәсілдерге мүгедек адамдармен немесе олардың өкілдік ұйымдарымен ертерек кеңес алу, қала жобаларын тиісті талаптарға сай реттеу кіруі мүмкін.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Қолжетімділік Санат:Мүгедектік Санат:Эргономика