Loudwire — хард-рок және хеви металл жаңалықтарын жариялайтын америкалық онлайн-медиа журнал. Оған Townsquare Media медиа-ойын-сауық компаниясы иелік етеді. 2011 жылдың тамызында іске қосылғаннан бері Loudwire Slipknot, Оззи Осборн, Metallica, Judas Priest, Guns N' Roses, Megadeth, Iron Maiden, Kiss, Mötley Crüe, Suicidal Tendencies сияқты танымал әртістермен эксклюзивті сұхбаттар ұйымдастырды. Сондай-ақ басылым Judas Priest, Anthrax, Jane's Addiction, Stone Sour, Фил Ансельмо және басқа да рок пен металл әлеміндегі атақты топтардың жаңа туындыларын алғашқылардың бірі болып көрсетті.
Loudwire Nights пен Loudwire Weekend — Townsquare компаниясының бүкіл ел бойынша рок-станцияларында таратылатын республикалық деңгейдегі синдикатталған радиобағдарламалары.
Loudwire журналының танымал веб-сериалдарының бірі — «Wikipedia: Fact or Fiction?» (Уикипедия: Шындық па, әлде өтірік пе?).
Loudwire Music Awards Журнал жыл сайын өтетін марапаттау рәсімі — Loudwire Music Awards шарасын ұйымдастырады. Тұңғыш марапаттау рәсімі мен концертті Крис Джерико жүргізіп, 2017 жылдың 24 қазанында Лос-Анджелестегі The Novo сарайында өтті. Жеңімпаздар веб-сайт оқырмандарының дауыс беруі арқылы анықталады.
Дереккөздер
Санат:АҚШ музыкалық журналдары Санат:Ағылшын тілді журналдар Санат:2011 жылы негізі қаланған журналдар