Лас-Кампанас обсерваториясы — Чилидегі обсерватория, Карнеги институтының қазіргі негізгі астрономиялық мекемесі.

Карнеги институтының Лос-Анджелестегі Маунт-Уилсон обсерваториясы жарықтық ластанудың кесірінен өз маңыздылығын жоғалта бастағанда, 1969 жылы Оңтүстік Америкада жаңа обсерваторияның негізі қаланды. Екі жылдан кейін онда 1 метрлік Ричи-Кретьен жүйесіндегі телескоп істей бастады. 1977 жылы оған 2,5 метрлік Дюпон телескобы қосылды.

2000 жылы екі Магелландық телескоп іске қосылды, олардың әрқайсында айнасының диаметрі 6,5 метрге тең. Бұрын басқа да телескоптары болған.

Тағы қараңыз Обсерваториялар тізімі Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Карнеги обсерваториялары Санат:Чилинің астрономиялық обсерваториялары