thumb|right|200px|Буынаралық Буынаралық () — өсімдік сабағының бір буыны мен екінші буынының арасы. Бүршікте буындары бір-бірімен өте жақын орналасқандықтан буынаралық дамымайды. Қыстырма меристеманың (түзуші ұлпаның бір бөлімі) қарқынды бөлінуінен буынаралық ұзарып өседі. Егер буынаралық ұзын болса - ұзарған өркен, қысқа болса - қысқарған өркен дамиды. Сүректі өсімдіктердің бір жылдық өркендері (серігүл, көктерек, алмұрт, терек) ұзарған өркендерге жатады. Қысқарған өркендердің буындары бір-біріне жақын орналасады. Бақажапырақ, бақбақтың қысқарған сабақтарының буынаралықтары өте қысқа. Буынаралығы болмайтын өсімдіктер де бар. Буынаралық арқылы əсіресе астық тұқымдасына жататын сабан сабақты өсімдіктердің барлығы ұзарып өседі. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі.
Дереккөздер
Санат:Өсімдіктер морфологиясы