Қобда — Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы ауыл, аудан және Қобда ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Облыс орталығы - Ақтөбе қаласынан батысқа қарай 100 км жерде, Қобда өзенінің жағалауында орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 5288 адам (2697 ер адам және 2591 әйел адам) болса, 2009 жылы 5244 адамды (2476 ер адам және 2768 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 5943 адамды (2917 ер адам және 3026 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Қобда ауданы елді мекендері