Bombardier Canadair Regional Jet (CRJ) — аймақтық қысқа-фюзеляжды реактивті ұшақтар түрі. Бұл ұшақ алғашқы ұшуын 1991 жылдың 10 мамырында орындады. CRJ-100 50 орындық ұшақтардың ішіндегі заманауи деңгейдегі ұшақ болды. Жылдамдығы бойынша бұл ұшақты классы үлкенірек ұшақтармен салыстыруға болады, ал үнемділігі өз классына сай келеді. Бұл ұшақ моделінің тағы бір ерекшелігі — Уиткомбтың шайбалары (қанаттың ұштары). Бұл ұшақтардың түрі ұшу ұзақтығы мен фюзеляждың ұзындығына қарай бірнеше модификациядан тұрады.

Модификациялары CRJ 100

CRJ-100 50 орындық ұшақтар арасындағы заманауи деңгейге жеткен алғашқы ұшақ. CRJ ұшақтар отбасысының ең қысқа өкілі. General Electric CF-34A1 қозғалтқышымен жабдықталған.

CRJ 200

Табысты CRJ-100 моделі 1995 жылы CRJ-200 болып жаңартылды - ұшаққа жаңа, үнемді әрі қуатты General Electric CF-34B1 қозғалтқыштары орнатылды. CRJ-200 ұшақтары жақсартылған сипаттамаларға ие: бұл түр түрлі қиын метеорологиялық жағдайларда және биіктаулы аэродромдардан ұшуға қабілетті. Ыңғайлы былғары креслолармен жабдықталған бесорынды жайлы салон, инженерлік-техникалық шешімдер арқасында, эконом немесе бизнес/эконом класстарға оңай қайта жабдықталына алады.

CRJ 440 2001 жылы шілдеде Bombardier өзінің Bombardier CRJ200 ұшағының 44 орынды нұсқасын жасайтындығын хабарлады. Бұл нұсқаға Bombardier CRJ440 атауы берілді. Ұшақтың осы нұсқасына алғашқы болып Northwest Airlines әуе компаниясы тапсырыс берді.CRJ NEXTGEN FAMILY OF REGIONAL JETS

CRJ 700

CRJ 705

CRJ 900

CRJ 1000

Challenger 800

Bombardier CRJ ұшақ түрінің сипаттамалары

CRJ100/200CRJ700CRJ900CRJ1000 Экипажы 2 пилот Жолаушылар саны 50 70 88 100 Ұзындығы, м 26,77 32,51 36,2 39,13 Қанат ұзындығы, м 21,22 23,24 24,85 26,18 Биіктігі, м 6,22 7,57 7,51 7,13 Фюзеляж диаметрі, м 2,9 Бос ұшақтың салмағы, т 13,7 19,7 21,4 23,2 Ұшқандағы ең үлкен салмақ, т 23-24 35 38 41 Қозғалтқыш 2× GE CF34-3A1 (CRJ-100) GE CF34-3B1 (CRJ-200) 2× GE CF34-8C5 Ең үлкен жылдамдығы, км/сағ 860 875 882 870 Крейсерлік жылдамдығы, км/сағ 786 Ұшу қашықтығы, км 2000 3017(ER) 2700 3713(LR) 2700 3300(ER) 3800(LR) 2400 2900(ER) 3300(LR) 2800 3100(ER) Ең үлкен ұшу биіктігі, м 12 500

Тапсырыстар мен жасалған үлгілер МодельТапсырысЖасалдыОрындалмаған тапсырыстарCRJ100 226 226 0CRJ200 709 709 0CRJ440 86 86 0CRJ700 324 316 8CRJ705 16 16 0CRJ900 274 259 15CRJ1000 67 23 44Challenger 800 33 33 0 Қорытынды 1735 1668 67 Дереккөз: Program Status Report - CRJ Series aircraft on SEPTEMBER 30, 2012

Апаттар мен авариялар

Дереккөздер

Тағы қараңыз Bombardier Embraer 190 Airbus A318

Санат:Ұшақтар Санат:Жолаушы ұшақтары Санат:Bombardier ұшақтары