Жеңілдетілген ағылшын тіліндегі Уикипедия () — ағылшынша Уикипедияны түсіну қиындық тудыратын қолданушылар үшін жасалған Уикипедия бөлімі. Бұл тіл бөлімімен жұмыс істеу үшін ағылшын тілінің тек негізгі қағидаларын білудің өзі жеткілікті.

Бұл Уикипедия бөлімі барлығынан бұрын ағылшын тілін жаңадан бастап оқып жүргендерге арналып, сабақ кезінде немесе оқу үшін қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар жеңілдетілген ағылшын тіліндегі Уикипедия кішкентай балаларға үй тапсырмасын орындау үшін немесе қосымша мектептен тыс оқу үшін пайдалы. Әдеттегіде Уикипедияның бұл бөліміндегі мақалалар ағылшынша Уикипедияның мақалаларының қатты жеңілдетілген және қысқартылған үлгілері боп табылады. Оның мақалалары ағылшынша Уикиедиямен салыстырғанда сөздердің аз мөлшерін және жеңілдетілген грамматиканы қолданады. Оған қоса Уикипедияның бұл бөлімі ағылшынша Уикипедияға қарағанда басқа мақсаттарды көздейді.

Уикипедияның бұл бөлімінің құрылуы қарсылықтар тудырды — жекелеген «жеңілдетілген ағылшынша» тілі жоқ. Бірақ Уикипедия қоланушыларының талқылауынан кейін, бұл бөлімді әрі қарай дамытуға шешім қабылданды.meta:Proposals for closing projects/Closure of Simple English (2) Wikipedia

Дереккөздер

Тағы қараңыз Ағылшынша Уикипедия Ағылшын тілі

Санат:Герман тілді Уикипедиялар Санат:Уикипедия бөлімдері Санат:Ағылшын тілі