Энциклопедия Ираника () — иран халықтарының бағзы заманнан қазіргі кезеңге дейінгі мәдениеті, дәстүрі мен тарихын барлық жағынан қамтитын ағылшын-тілді энциклопедия жазуды мақсат ететін жоба . Энциклопедияда ирандық емес, бірақ дәстүрі мен тарихы ирандықтар мен Иран елімен тығыз байланысты халықтар мен елдер туралы айтылған (мысалы: Армения және т.б.). Жоба 1973 жылы Колумбия университетімен ирандық зерттеулердің Орталығы негізінде құрылып, иранистиканың академиялық дисциплиналарымен стандартты энциклопедия ретінде қарастырылады. Энциклопедия тек қана Иранды емес, сонымен қатар әр заманда ирандық тілдер басым болған аймақтарды қарастырады: Ауғанстан, Тәжікстан, Анатолия, Күрдістан және Кавказдың, Оңтүстік Азияның, Орта Азияның және Месопотамияның кейбір аудандары. Оған қоса иран әлемінің басқа мәдениеттермен қатынасы талқыланады (Қытай, Еуропа және т. б.).
Жоба аясында жоспарланған 45 томның 15 томы жарияланған. Мақалалардың көбісі Юникод кодымен интернетте еркін таратылады.
Тағы қараңыз Иран Иранистика
Дереккөздер
Санат:Иран тарихы Санат:Энциклопедиялар