Мери Луиза «Мерил» Стрип (, 22 маусым 1949 жыл) – америка актрисасы. Үш рет «Оскар» сыйлығының иегері болған. Оны танымал еткен фильм «Охотник на оленей». Осы фильмдегі рөлі үшін ол алғаш рет «Оскар» сыйлығына ұсынылған болатын. Өзінің 30 жылдық актерлік мансабында үш «Оскар», сегіз «Алтын глобус» және Киноактерлер Гильдиясы сыйлығына ие болған. Оның туған екі інісі бар. Ең алғаш киноға 1977 жылы түскен («Джулия»). Көп жылдар бойы театр сахнасында да ойнаған. Қазіргі кезде де көптеген жобалармен жұмыс істеуде.
Фильмдері: «Самый смертоносный сезон» (1977), «Манхэттен»(1979), «Влюблённые» (1984), «Дом духов» (1993), «Әзәзіл Prada киеді» (2006), «Железная леди» (2011), т.б.
Дереккөздер
Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері Санат:Үздік актриса үшін Оскар сыйлығының иегерлері