Ума Каруна Турман (, ; 29 сәуір 1970 жыл, Бостон) — америкалық актриса, бұрынғы модель. Ол 1994 жылы Куентин Тарантиноуның «Қойыртпақ шығарма» фильміндегі Миа Уоллес рөлі арқылы халықаралық танымалдыққа ие болды, сол рөлді сомдағаны үшін ол Оскар сыйлығына, BAFTA сыйлығына, Алтын глобус сыйлығына және «Екінші рөлдегі ең жақсы рөл үшін Экран актерлер гильдиясы» сыйлығына ұсынылды. Кейінірек режиссёр Тарантиномен қайта жұмыс істеп, Биллды өлтіру: 1 және 2-бөлімдері (2003, 2004) фильмдерінде басты рөлді сомдады және бұл оған «Алтын глобус» сыйлығына қосымша екі номинация әкелді.
Фильмография
Қойыртпақ шығарма (1994) Биллды өлтіру. Бөлім 1 (2003) Биллды өлтіру. Бөлім 2 (2004)
Дереккөздер
Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері