Сэр Александр Чепмен Фергюсон (; 31 желтоқсан, 1941 жыл, Глазго, Шотландияда туған) - шотландық футболшы, футбол жаттықтырушысы. Алекс Фергюсон, сэр Алекс, САФ немесе Фе́рги лақап есімдерімен белгілі бұл кісі 1986 жылдан 2013 жылға дейін 27 жыл бойы ағылшын клубы «Манчестер Юнайтедтың» бас жаттықтырушысы қызметін атқарды. Британия футбол тарихындағы ең үздік бапкер. Әлем футбол тарихындағы ең ұлы бапкер деп танылған.
Бапкер жайлы фактілер Фергюсон шотланд клубтары «Ист Стерлингшир» мен «Сент-Миррен» бас бапкері болған, содан соң «Абердинді" басқарып, сол клубпен көп жетісіткке жеткен. Қысқа мерзімге (1986 жылғы әлем біріншілігі күндері) Шотландия ұлттық құрамасын басқарды; содан «Манчестер Юнайтед» клубының бапкері болып 1986 жылы қарашада сайланды.
Фергюсон «Манчестер Юнайтедты» 24 жыл жаттықтырғалы бері рекордтық титулдар санын ұтқан. Фергюсон басқаруымен «Юнайтед» алдыңғы жүз жылдық тарихындағыдан да көп олжаға кенелді. 2010 жылы желтоқсанның 19 Фергюсон сэр Мэтта Басбидың клубты ұзақ уақыт басқару рекордын жаңартты.
1999 жылы Елизавета II патшайымы Фергюсонды рыцарльлық мәртебеге лайық деп таныды. 2002 жылы Ағылшын футболы даңқ залына Фергюсон аты енгізілді. Сонымен қатар сэр Фергюсон Абердин қаласының құрметті азаматы атағын «Абердин» клубы бапкер ретіндегі жетістіктері үшін алды.
Бапкердің құрметіне "Олд Траффордқа" оның статуясы орнатылған.
Бапкер ретіндегі жетістігі Сент-Миррен
Шотландия чемпионы: 1976/77
Абердин
Шотландия чемпионы (3): 1979/80, 1983/84, 1984/85 Шотландия кубогы (4): 1982, 1983, 1984, 1986 Шотландия лига кубогы: 1986 УЕФА Кубок иелері кубогы: 1983 УЕФА суперкубогы: 1983
Манчестер Юнайтед
Англия чемпионы (13): 1992/93, 1993/94, 1995/96, 1996/97, 1998/99, 1999/2000, 2000/01, 2002/03, 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2010/11, 2012/13 Англия кубогы (5): 1990, 1994, 1996, 1999, 2004 Англия лига кубогы (4): 1992, 2006, 2009, 2010 Англия суперкубогы (10): 1990, 1993, 1994, 1996, 1997, 2003, 2007, 2008, 2010, 2011 УЕФА чемпиондар лигасы (2): 1999, 2008 УЕФА Кбок иелері кубогы: 1991 УЕФА Суперкубогы: 1991 Құрлықаралыық кубок: 1999 Клубтар әлем чемпионаты: 2008
Жеке
Англия премьер лигасының үздік бапкері (27): тамыз 1993, қазан 1994, ақпан 1996, наурыз 1996, ақпан 1997, қазан 1997, қаңтар 1999, сәуір 1999, тамыз 1999, наурыз 2000, сәуір 2000, ақпан 2001, сәуір 2003, желтоқсан 2003, ақпан 2005, наурыз 2006, тамыз 2006, қазан 2006, ақпан 2007, қаңтар 2008, наурыз 2008, қаңтар 2009, сәуір 2009, қыркүйек 2009, қаңтар 2011, тамыз 2011, қазан 2012 Англия Премьер-лигасының үздік бапкері (11): 1993/94, 1995/96, 1996/97, 1998/99, 1999/2000, 2002/03, 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2010/11, 2012/13 Әлемнің үздік бапкері (LMA) (4): 1998/99, 2007/08, 2010/11, 2012/13 Онжылдықтың үздік бапкері (LMA): 1990-жж УЕФА-дағы үздік клубтық бапкер: 1998/99 УЕФА жыл бапкері (2): 2007, 2008 Англия футболының құрмет залы: 2002 Шотландия футболының құрмет залы: 2004
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Шотландияның футбол жаттықтырушылары Санат:Шотландия футболшылары Санат:Шотландия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Рейнджерс ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК жаттықтырушылары