АҚШ экономикасы — әлемнің ең ірі экономикасы. Әрбір экономикалық жүйеде кәсіпкерлер мен менеджерлер қызмет пен тауарды өндіріп, тарату үшін табиғи ресурстар, жұмыс күші мен технологияны біріктіреді. Осы элементтерді ұйымдастыру мен қолдану тәсілдері ұлттық мәдениет пен саяси мұраттарды көрсетеді. Құрама Штаттары көбіне «капиталистік шаруашылық» деген терминмен сипатталады. Бұл терминді 19-шы ғасырда неміс экономисі әрі әлеуметтік теоретигі Карл Маркс қолында капиталы бар адамдардың шағын тобының аса маңызды экономикалық шешімдерді қабылдау жүйесін сипаттау үшін енгізген. Маркс капиталистік экономикаға саяси жүйеде билігі көп социалистік экономиканы қарама-қарсы қойды. Маркс пен оның шәкірттері капиталистік жүйеде өз байлығын арттыруды мақсат еткен қуатты бизнесмендердің қолында билік шоғырланған дей отырып, социалистік шаруашылықта үкіметтің негізгі мақсаты - қоғамдық ресурстардың бірдей таралуы болып табылады дегенге сенді. Бұл категориялар тым қарапайымдылығына қарамастан олар үшін шындық элементтерін сақтап отыр, ал бүгінгі таңда олардың маңыздылығы тым әлсіз. Маркс сипаттаған таза капитализм болса да, ол жоғалғаннан кейін АҚШ және басқа мемлекеттердің үкіметі биліктің шоғырлануына шектеу қойып, әрі заңсыз коммерциялық әрекеттерге байланысты әлеуметтік мәселелерді шешу үшін экономикаға араласа бастады. Мүмкін осыдан кейін Америка экономикасын үкімет пен жеке кәсіпкерліктің маңыздылығы қатар тұратын «аралас» экономика деп атау жөн болар. Американдықтар еркін кәсіпкерлікке деген сенімдері мен үкіметтік басқару арасында шекараны өткізу жөнінде пікірлері біркелкі болмаса да, олар ойлап тапқан аралас экономикасы өте табысты болып шықты.
Экономиканың негізгі бөліктері Елдің экономикалық жүйесінің басты құрастырушысы - табиғат ресурстары болып табылады. Құрама Штаттар құнарлы ауыл шаруашылық жерлерге және минералды ресустарға бай әрі климаты қолайлы. Сонымен қатар, ол Атлант және Тынық мұхиттарымен шектеседі. Ал құрылықтық ортасынан ағатын өзендер мен Канада және АҚШ арасындағы шекараны бойлай жатқан Ұлы Көлдер кемелердің келуін қамтамасыз етеді. Осы кең ауқымды су жолдары ұзақ жылдар бойына ел экономикасының есімін қамтамасыз етіп, Американың 50 штатын тұтас экономикалық қауымдастыққа біріктірді.
Табиғат ресурстарын тауарға айналдыратын жұмыс күші экономиканың екінші құраушы бөлігі. Қолда бар жұмысшылар саны, ең бастысы олардың өркендеуі, экономика сергектігін анықтауға мүмкіндік береді. Құрама Штаттар тарихында жұмыс күшінің тоқтаусыз өсуі экономиканың тұрақты күшеюін қамтамасыз етті. Бірінші Дүниежүзілік соғысқа дейін жұмысшылардың басым көпшілігін Еуропадан көшіп келушілер, олардың тікелей ұрпақтары немесе ата-бабалары, Америкаға құл ретінде көшірілген африкандық американдықтар құрады. 20-шы ғасырдың алғашқы жылдарында АҚШ-қа азиалықтар көп мөлшерде келді, ал Латын Америкасынан қоныс аударушылар кейінірек көшіп келді.
Сондай-ақ Құрама Штаттары жұмыссыздық шарықтап, енді бірде жұмыс күші жетіспеген кезеңдерді де өткерді. Қоныс аударушылар жұмыс күшіне сұраныс мол жерлерге жетуге тырысты, жергілікті жұмысшыларға қарағанда аз жалақыға жұмыс істесе де, олар Отандарына қарағанда көбірек ақша тауып, табысқа жетті. Нәтижесінде, ел экономикасы жылдам дамыды.
Жұмыс күшінің сапасы - адамдардың қаншалықты еңбек еткісі келетіні мен олардың кәсіпкерлігі - экономиканың табысты болуы үшін маңызды. Шекаралық өмір көп жұмыс істеуді талап етті, әрі протестантизмнің жұмыс істеу этикасы мұны қолдады. Өзгертуге және тәжірибе алуға деген ықылас пен техникалық және кәсіптік білім беруге көңіл бөлу - Америка экономикасының табыстылығына қосылған үлес болды. Жұмыс күшінің елгезектілігі Америка экономикасының өзгермелі жағдайға бейімделуіне үлесін қосты. Қоныс аударушылар Шығыс жағалауын асыра толтырған кезеңде, жұмысшылар аралдан өңдеуді күтіп тұрған фермаларға кешті. 20-шы ғасырдың бірінші жартысында солтүстіктің индустриалды қалаларының экономикалық мүмкіндіктері оңтүстік фермалардағы қара түсті американдықтарды қызықтырды.
Жұмыс күшінің сапасы әлі де маңызды мәселе болып қалуда. Бүгінде американдықтар «адам капиталын» көптеген жаңа жоғары-технологиялық өнеркәсіп салалары табысының кілті ретінде қарастырады. Нәтижесінде үкімет басшылары мен бизнесмендер компьютер мен телекоммуникация сияқты өнеркәсіптің жаңа салаларына бейімделе алатын, жылдам ойлайтын адамдарды дайындауда кәсіптік білім берудің маңыздылығын атап көрсетуде. Бірақ,табиғи ресурстар мен жұмыс күші экономикалық жүйенің бөлігін ғана құрайды. Бұл ресурстарды тиімді ұйымдастыра білу керек. Америка экономикасында бұл міндетті менеджерлер орындады. Америкада басқарудың дәстүрлі құрылымы иерархияға негізделген: билік атқарушы директор- дан бастап директорлар кеңесіне, одан кәсіпорынның түрлі бөлімдерінің үйлесімділігін қамтамасыз ететін басқару деңгейлері арқылы цехта жұмыс атқаратын шеберге дейін барады. Көптеген мәселелерді шешу түрлі бөлімшелер мен жұмысшыларға жүктелген. 20-шы ғасырдың басында Америкадағы бөлініс жайында жүйелі анализге негізделген «ғылыми басқару» деген түсінік қалыптасқан еді.
Көптеген кәсіпорындар осы дәстүрлі құрылым бойынша жұмыс істеуде, бірақ кейбір басқа кәсіпорындар менеджментке кешті. Ғаламдық бәсекелестіктің артуына байланысты Америка бизнесі жоғары білімді маман жұмысшыларды қабылдайтын, аз уақытта өнімді өңдеп, өзгерте алатын ұйымдық құрылымдарды, әсіресе жоғары технологиялық өзгерістерді табуға тырысады. Иерархия мен еңбек бөлінісіне тым әуестену шығармашылыққа тұсау салады деген пікір көбейе түсуде. Нәтижесінде, көптеген компаниялар өздерінің ұйымдық қүрылымдарын ықшамдал, менеджерлер санын азайтыл, билікті қызметкерлер тобына берді. Менеджерлер мен қызметкерлер тобы қандай да бір өнім өндіре алуы үшін бизнес кәсіпорындарына ұйымдастырылуы тиіс еді. АҚШ-та жаңа бизнес құруда немесе бар бизнесті кеңейтуде, қор жинақтауда ең тиімдісі - корпорация болу екендігі дәлелденген. Корпорация - коммерциялық кәсіпорындардың, меншік иелерінің, акция ұстаушыларының өз ережелері мен дәстүрлері бар ерікті ассоциациясы.
Корпорацияның тауар өндіріп, қызмет көрсетуі үшін қаржы қоры болуы керек. Олар банктерге, жеке адамдарға, зейнетақы қорларына және тағы да басқа инвесторларға акция (иелік үлес, активтер) немесе облигация (ұзақ мерзімді ақшалай қарыз) сату арқылы керекті капиталын арттырады. Көптеген қаржы институттары, әсіресе банктер, корпорациялар мен коммерциялық кәсіпорындардан тікелей қарыз алады. Федералдық үкімет пен штаттар үкіметі осы қаржы жүйесінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін, әрі инвесторлардың қажетті мәлімет алуға қол жетерлік жағдай жасайтын арнайы ережелер мен тәртіптер дайындайды.
Ішкі жалпы өнім аталған жыл мерзімінде өндірілген өнім мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін анықтайды. Құрама Штаттардың ішкі жалпы өнімі 1983 жылдағы 3.4 триллионнан 1998 жылда 8.5 триллионға дейін өсті. Бірақ, бұл сандар экономика саулығының өлшемі болса да, ол ұлттық тұрмыстың бар жағын қамтымайды. Ішкі жалпы өнім мен қызметтің нарықтық бағасын көрсеткенімен, мемлекеттегі өмір сапасын көрсетпейді. Сөйтіп, кейбір ауыспалылар - жеке бастық бақыты мен қауіпсіздігі, қоршаған орта тазалығы, жақсы денсаулық - осыдан шығып кетеді.
Тарихы Қазіргі Американың экономикасы өзінің бастауын 16-шы, 17-ші, 18-ші ғасырларда Еуропадан келіп, қоныстанушылардың экономикалық жетістіктерге ұмтылу жолдарынан алады. Осы уақыт аралығында Жаңа Әлем маргиналды-табысты отарлық экономикасынан кішкентай тәуелсіз фермерлік экономикаға өтіп, соңында жоғары деңгейдегі күрделі индустриялық экономикаға көтерілді. Эволюциялық даму барысында Құрама Штаттары экономиканың дамуына себебін тигізетін күрделі институттарды өмірге келтірді. Сөйтіп, үкіметтің экономикаға араласуы тұрақты болғандықтан, осы қатысудың көлемі, жалпы алғанда, ұлғайды. Солтүстік Американың бірінші тұрғындары байырғы американдықтар - жергілікті халықтар болды; олар Америкаға осыдан 20 000 жыл бұрын, қазіргі Берингов бұғазы, Азиядан жер көпірі арқылы келген. (Еуропаның бірінші зерттеушілері Америка аралдарына бірінші рет келгенде Индияға жеттік деп қателесіп, жергілікті халықты «үндістер» деп атаған). Осы байырғы халықтар тайпаларға, кейде, тайпа конфедерацияларына біріккен болатын. Еуропалық жер аударушылар келгенге дейін, байырғы халықтар өз араларында сауда-саттық жасап, басқа құрлықтағы адамдармен, тіпті Оңтүстік Америкадағы халықтармен байланысқа түскен жоқ. Бұл құрылған экономикалық жүйені олардың жеріне қоныстанушы еуропалықтар бұзып жіберді.
Викингтер Американы «ашқан» бірінші еуропалықтар болды. Алайда, шамамен 1000-шы жылы болған оқиға өте кең өріс алған жоқ: бұл кезде еуроталық қоғам әлі де ауыл шаруашылығы мен жер игеруге негізделген еді. Сауда-саттық Солтүстік Американың келешектегі ашылатын жаңалықтары мен қоныстанушыларға серпін беретін күшті қамтамасыз еткен жоқ.
1492 жылы испан туының астында жүретін итальяндық жүзуші Христофор Колумб, Азияның оңтүстік-батыс жолын іздеуге сапарға шығып, «Жаңа Әлемді» ашты. Содан кейінгі 100 жыл ішінде Ағылшындық, Испандық, Португалдық, Голландық және Француздық зерттеушілер «Жаңа Әлемге» Еуропадан алтын, байлық, даңқ іздеп келді. Алайда, Солтүстік Американың жабайы әлемі, бұл алғашқы зерттеушілерге аз даңқ, одан да аз алтын ұсынды. Сондықтан, бұл жерде адамдардың көпшілігі қалмады. Солтүстік Американы шынымен мекендеген адамдар кейінірек келген. 1607 жылы ағылшын топтары, Құрама Штаттары болуы керек жерде, бірінші тұрақты мекенді құрды. Джеймстаун мекені, қазіргі Вирджиния штатының орнында болған.
Отарлау Ерте қоныстанушылардың жаңа Отан іздеуге әртүрлі себептері болды. Массачусетс пилигриммдері, діни қуғыннан кеткілері келетін ақ пейілді, өзіндік тәрбиеленген ағылшындар болды. Басқа колониялар, мысалы Вирджиния, бизнес-кәсіпорын ретінде негізделген еді. Бірақ, діншілдік пен пайдакүнемдік жиі бір-бірімен қоян-қолтық араласып кетті.
Болашақ Құрама Штаттарын отарлауында Англияның ілгері басуы - хартиялық компанияларды пайдалануда еді. Хартиялық компаниялар жеке экономикалық пайда мен Англияның ұлттық мақсатын көтергілері келетін акция иелерінің (саудагерлер мен жағдайы бар жер иелерінің) үлесінен құралды. Жеке сектор компанияларды қаржылағанда, король әрбір жобаны келісім мен кепілдікпен қамтамасыз етіп, экономикалық құқық, сол сияқты саяси және заңды билікті беріп тұрды. Тұтас алғанда, колониялар пайданы тез берген жоқ, сондықтан, ағылшын инвесторлары қоныстаушылармен колониялық келісімдерін жиі бұзып отырды. Қоныс аударушыларға өздерінің өмірін, қауымын, экономикасын, жаңа ұлт нышанын құруға мүмкіндік берді.
Бірінші колониялардың гүлденуі - аң аулау мен бағалы жүн-тері сатудың нәтижесі еді. Бұдан басқа, балық аулау - Массачусетстің негізгі кәсібі еді. Алайда, барлық колонияларда адамдар негізінен кішкене фермаларда және тұрмыс жағдайлары жеткілікті жағдайда тұрды. Бірнеше шағын қалалар және Солтүстік Каролина, Оңтүстік Каролина мен Вирджинияның үлкен плантацияларында кейбір алғашқы қажеттілік заттары және байлықтың барлық заттары темекіге, күрішке және индигоға (көгілдір бояу) айырбасқа алынды. Қолдаушы салалар колониялардың өсуіне байланысты күшейді. Қоныс аударушылар балық аулау флотын салу үшін өндірістер ашты, кейіннен сауда кемелерін жасады. Сонымен бірге олар шағын үстаханалар салды. 18-ші ғасырдың басында дамудың аймақтық ерекшеліктері айқын болды: Жаңа Англияның колониялары кеме жасауға және байлық құру үшін кемелерді сатуға сенді; Мэрилендте, Вирджинияда, Каролинадағы плантациялар (көбі құл еңбегін қолданыл) темекі, күріш пен индиго өсірді; Нью-Йорк, Пенсильвания, Нью-Джерси және Делавэрдегі орта колониялар астық пен терілер жеткізіп тұрды. Құлдардың жағдайын есепке алмағанда, өмір стандарттары Англияның өзінен жоғары болды. Ағылшын инвесторлары өздерінің капиталдарын шығарыл алғаннан кейін, қоныс аударушылырдың арасындағы кәсіпкерлер үшін алаң ашылды.