Әдейі туындатылған потенциалдар әдейі каротажы - Каротаж зондысы электродтары көмегімен ұңғыма оқпанына жіберілген қысқа екпінді тұрақты ток таужыныстар мен пайдалы қазбаларды полюстеуі нәтижесінде туындайтын ерекшеліктерді зерттеуге негізделген электірлік каротаж әдісі; ток екпіндерінің аралығында, яғни токтың кідірістеген кезінде туындатылған потенциалдардың мөлшері өлшеніп отырады. Потенциалдардың жоғары мөлшерлері көмір, кейбір руда және таужыныстардың кейбір литологиялық түрлері қойнауқаттарында туындайды.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ