Қуат, қуаттылық - істелінген жұмыстың немесе энергия өзгерісінің сол өзгеріс болған немесе жұмыс істелінген уақытқа қатынасына тең физикалық шама.
Брутто қуаты - мемлекеттік стандартқа сәйкес құрастырылған қозғағыш білігінен отынды толық берілу кезіндегі қондырғыдан алынған қуат. Қозғағыштың максималды қуаты- қозғағыштың немесе көлік құралының техникалық сипаттамасында көрсетілгендей отынның толық берілуі кезіндегі жоғары қуат. Номиналды қуат- қозғағыштың номиналды айналу жылдамдығында отынды толық беріп жұмыс істеу кезіндегі дайындаушы өнеркәсіптің кепілдеме қуаты. Берілетін қуат - құрылғының жетекші буынына өзі арқылы жіберілетін жеткізілген қуат. Қосу қуаты - қозғағышты қосқан кезде дамитын стартердің максимал қуаты. Стартердің қуаты - қозғағыштың біліктің бұрылу кедергі моментінің қозғағышы іске қосу үшін қажет минималды айналу жиілігіне көбейтінді қуаты. Тарту қуаты - көлік құрылғыларындағы ілмектегі тарту күшімен қозғағыш жылдамдығының көбейтіндісі. Өзіндік қуат- қозғағыштың максималды қуатының көлік құралының толық массасына қатынасы. Өзіндік тарту қуаты - көлік құрылысының ілмегіндегі тарту қуатының көлік құралының толық массасына қатынасы.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Дереккөздер
Санат:Транспорт