Ғали Мүсәлімов (1908-1979) - Теміртау құрылысын ұйымдастырушылардың бірі.

Өмірбаяны Астрахан педагогика техникумын бітірген (1927). 1927-1947 жылдары Астрахан облысында жұмыс істеді. 1947 жылдан Қарағанды облысында. 1947-1951 жылдары балық ұжымшарында төраға орынбасары, облысаралық тұтынушылар қоғамы президиумының төрағасы, Балқаш қалалық Кеңесі атқару комитеті төрағасынын орынбасары (1947-1951). Теміртау қалалық атқару комитетінің төрағасы (1951-1961). Қарағанды металлургия комбинаты директорының орынбасары (1961-1971). зауыт-ВТУЗ-да аға инженер (1971-1974).

Марапаттары Еңбек Қызыл Ту ордені. 2-дәрежелі Отан соғысы ордені. «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталды. Теміртау қаласының құрметті азаматы (1972).

Есте сақтау Теміртау көшелерінің біріне оның есімі берілген.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Астрахан педагогика техникумы түлектері Санат:Теміртау қалалық атқару комитетінің төрағалары Санат:Теміртаудың құрметті азаматтары