Ахметов Батырбек Мықансалықұлы (1954 жыл, 9 желтоқсан, Қостанай облысы Жангелді ауданы, Саға ауылында туған) - қоғам қайраткері, Жангелді ауданының әкімі (2002-2009).
Өмірбаяны Білімі Қазақ ауылшаруашылық институтының агрономия факультетін (1991) ғалым-агроном мамандығы бойынша; Қостанай мемлекеттік университетінің экономика факультетін (2008) экономист мамандығы бойынша бітірген.
Қызмет жолы 1971 жылдан - Алматы қаласының №6 автобазасында автослесарь. 1973 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1975 жылдан - Торғай облысы Жангелдин ауданының ішкі істер органдарының МӨҚ инспекторы. 1981 жылдан - Қостанай облыстық ІІБ ӨКБ техникалық қызмет бөлімінің бастығы. 1982 жылдан - Қостанай облысы Жангелді ауданының «Бидайық» кеңшарында машина ауласының меңгерушісі. 1983 жылдан - «Бидайық» кеңшарында МТШ меңгерушісі, 1986 жылдан - бас инженері, 1988 жылдан - егіс бригадасының бригадирі. 1991 жылдан - Қостанай облысы Жангелді ауданының М. Дулатов атындағы кеңшарында бас агроном, 1992 жылдың қыркүйегінен - кеңшар директоры. 1992 жылдың желтоқсанынан - М. Дулатов атындағы қауымдастықтың төрағасы. 1997 жылдан - Қостанай облысы Жангелді ауданының «Ақбидай-2» ЖШС директоры. 1999 жылдың сәуірінен - Қостанай облысы Алтынсарин ауданының конкурстық басқарушысы. 1999 жылдың желтоқсанынан - Қостанай облыстық АШЖЗС директоры. 2000 жылдың қыркүйегінен - «Сақтау» ЖШС директоры (Қостанай облысының Заречное ауылы). 2000 жылдың желтоқсанынан - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары міндеттерін уақытша атқарушы. 2001 жылдан - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары. 2002 жылдан - Қостанай облысы Алтынсарин аудандық ААШБ бастығы. 2004 жылдан - Қостанай облысы Жангелді ауданының әкімі. 2009 жылдан бері - Қостанай облыстың әкімдігінің Жер қатынастары басқармасының бастығы. Қоғамдық қызметі
Жангелдин аудандық Халық депутаттары кеңесінің 21-ші шақырылым депутаты (1989-1993).
Марапаттары «Құрмет» ордені (2006); «Ерен еңбегі үшін» (1991) «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медалі Қостанай облысы әкімінің грамотасы. ҚР Президентінің алғысымен аталған (2001). Отбасы Әкесі - Ахметов Мықансалық, марқұм, жұмысшы болған. Анасы - Ахметова Боташ, марқүм, жұмысшы болған. Үйленген. Жұбайы - Айтжанова Күлдірайхан Әуесханқызы (1956 ж. т.). Ұлдары - Ахметов Талғат Батырбекұлы (1978 ж. т.), Ахметов Әділ Батырбекұлы (1986 ж. т.), Ахметов Әмір Батырбекұлы (1997 ж. т.); қызы - Ахметова Жанат Батырбекқызы (1980 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:9 желтоқсанда туғандар Санат:1954 жылы туғандар Санат:Жангелді ауданында туғандар Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Қостанай мемлекеттік университеті түлектері Санат:Жангелді ауданының әкімдері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Ерен еңбегі үшін медалінің (КСРО) иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері