Қанат Отызбайұлы Сүйіндіков - 1959 жылы 25 қарашада Целиноград қаласында туған. Қазақ. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын (1982) ғалым-агроном мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2000) заңгер мамандығы бойынша бітірген.
1977 жылдан - Целиноград ауыл шаруашылығы институтының студенті. 1982 жылдан - Целиноград облысы Қорғалжын ауданы «Ленин жолы» кеңшарының агрономы. 1984 жылдың сәуірінен - Қазақстан ЛКЖО Совет аудандық комитеті комсомол жұмысы бөлімінің нұсқаушысы (Целиноград қаласы). 1984 жылдың қыркүйегінен - КТУ-187 комсомол комитетінің хатшысы (Целиноград қаласы). 1985 жылдың қаңтарынан - Қазақстан ЛКЖО Целиноград облыстық комитеті жұмысшы және ауыл жастары бөлімінің нұсқаушысы. 1985 жылдың қыркүйегінен - Қазақстан ЛКЖО Целиноград облыстық комитеті жұмысшы және ауыл жастары бөлімінің меңгерушісі. 1989 жылдан - Целиноград облыстық комсомол ұйымы тексеру комиссиясының төрағасы. 1991 жылдан - «Ақмола» әмбебап биржасының лицензиялық жұмыс жөніндегі инженері. 1992 жылдан - «Вариант» ШҚК коммерциялық директоры (Ақмола қаласы). 1995 жылдың шілдесінен - «Цесна» корпорациясының менеджері, экономисі, 1997 жылдың қаңтарынан – ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы (Ақмола қаласы). 1997 жылдың сәуірінен - «Ақмола - Астық» концерні ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы (Ақмола қаласы). 1998 жылдың мамырынан - «Ақмола-Челябі фирмасы» БК» ЖШС атқарушы директоры. 1998 жылдың қарашасынан 2004 наурызына дейін - «Жалтыр элеватор» АҚ директоры (Ақмола облысы Астрахан ауданы Жалтыр кенті). 2005 жылдың наурызынан - Ақмола облысы Щучье ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі кеңесшісінің міндетін атқарушы, 2005 жылдың сәуірінен - ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі кеңесшісі. 2006 жылдан – Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары. 2007 жылдан - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің орынбасары. 2009 жылдың сәуірінен бері - Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкімі. «Тыңға 50 жыл» медалімен марапатталған (2005).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Тыңға 50 жыл медалінің иегерлері