Ақмырза Исаұлы Рүстембеков (15 ақпан, 1956 жылы, Ақмола облысы, Қорғалжын кенті - 29 шілде 2020 жылы, АлматыНұр-Сұлтандағы "Бәйтерек" монументінің авторы қайтыс болды) — сәулетші, ҚР Сәулетшілер одағының президенті. Қазақстан Республикасының Құрметті Құрлысшысы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2004). ТМД Халықаралық сәулетшілер одағының вице-президенті әрі академигі.
Толығырақ Алматы сәулет-құрылыс институтын бітіргөн (1980), сәулетші. Халықаралық архитектура академиясының және Халықаралық Шығыс елдері архитектура академиясының толық мүшесі. ҚР БАҚ-да және ТМД журналдарында басылып шығарылған архитектура және қала қурылысы туралы 25-тен астам жарияланымдар мен мақалалар авторы. «Мұнара түріндегі ғимарат» авторлық куәлігі бар (2003).
1980 жылдан - «Гипровуз» ВГПИ Алматы филиалында сәулетші, аға сәулетші, топ жетекшісі, жобалардың бас сәулетшісі, филиал директорының орынбасары. 1990 жылдан - шығармашылық-өндірістік шеберханасының жетекшісі. 1996 жылдан - ҚР Сәулетшілер одағының вице-президенті, 2000 жылдан бері - президенті. 2001-2003 жылдары - Халықаралық ТМД Сәулетшілер одақтары ассоциациясының вице-президенті.
«Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі (2002 жылдан).
Мемлекеттік марапаттары 2004 жылы елбасының жарлығымен «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. 2003 жылы Дүниежүзілік архитектура триенналесінде күміс медальмен марапатталған. ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2006) ескерілген. 2007 жылы Дүниежүзілік қайырымдылық альянсының Бітімгер алтын орденімен; 2008 жылы «Астананың 10 жылдығы» медалімен; 2010 жылы «Құрмет ордені»; 2011 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі; 2015 жылы "Қазақстан конститутциясына 20 жыл" медалі; 2016 жылы «Парасат ордені» мен марапатталды. Қазақстан Республикасының Құрметті Құрлысшысы (құрметті атағының иегері); Республикалық және халықаралық конкурстардың көп мәрте лауреаты.
Жеке қасиеттері Әскери атағы - запастағы капитан. Діни көзқарасы - төзімді. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу». Хоббиі - тау шаңғысы, балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарих, әлем сәулет өнері.
Жеке өмірі Үйленген. Жұбайы - Рүстембекова Баян Нариманқызы (1958 ж. т.), Қ.И. Сәтбаев атындағы Қаз¥ТУ оқытушысы. Ұлдары - Бауыржан (1978 ж. т.), Ержан (1979 ж. т.). 3 немересі бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Қазақстан сәулетшілері Санат:Қазақстан құрылысшылары