Балжан Ибатқызы Досмұхамбетова - 1964 жылы 8 шілдеде Гурьев қаласында туған. қазақаласы Әкесі - Досмұхамбетов Ибат, зейнеткер, Солтүстік Ембі газ барлау экспедициясының бас бухгалтері болған. Анасы - Досмұхамбетова Рысқаным, саудада жұмыс істеген. Орыс және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. Хронологиясы Еңбек қызыл Ту орденді Г.В. Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтының қаржы және несие факультетін (1988) экономист мамандығы бойынша; Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының заңтану факультетін (2001) заңгер мамандығы бойынша; РМҚА (ХМҚБИ, 2011) экономика магистрі мамандығы бойынша бітірген. 1988 жылдан - Гурьев қалалық тамақ саудасының мөлшерлеушісі. 1992 жылдан - Облыстық сауда басқармасының бас маманы. 1992 жылдан - ет комбинатының бас бухгалтері (Гурьев қаласы). 1993 жылдан - облыстық әкімшілік Экономикалық комитетінің бас маманы; Облыстық әкімшіліктің бағалар бөлімінің бастығы. 1995 жылдан - ҚР Мемлекеттік баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, төрағасы м.а. 1999 жылдан- Атырау облыстық Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау комитетінің төрағасы; ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекені қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің Атырау облыстық Департаментінің директоры. 2002 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау агенттігінің Атырау облыстық Департаментінің директоры. 2004 жылдан бері - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облыстық Департаментінің директоры. Жетістіктері «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына Южыл» (2005), «Ерен еңбегі үшін» (2006), «Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ҚР агенттігіне 10 жыл» (2009) медальдарымен; ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекені қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, М. Тэтчер. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан ұлы держава болады». Хоббиі - саяхат жасау. Сүйіп оқитын әдебиеті - Ошо. ¥лы - Мүгиев Сәуірбек (1990 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер