Болатбек Бимендіұлы Баймаханов (3 қыркүйек, 1962 жыл, Қызылорда) — Медицина ғылымдарының докторы (2001), профессор (2006).
Өмірбаяны Алматы медицина институтының емдеу факультетін (1986) хирург мамандығы бойынша бітірген. Т. Рысқүлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика факультетін (2006) экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірген. 1986 жылдан - Қызылорда облыстық ауруханасының дәрігер-хирургі 1987 жылдан - эндоскопист-дәрігері. 1990 жылдан - А.Н. Сызғанов атындағы Клиникалық және сынақтық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері 1991 жылдан -хирургия бөлімінің ғылыми қызметкері 1995 жылдан - хирургия бөлімінің аға ғылыми қызметкері (Алматы қ.). 2000 жылдан - Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы. 2002 жылдан - Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы. 2003 жылдан - «А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығы» РМКК директоры 2007 жылдан бөлім меңгерушісі (Алматы қ.). 2008 жылдың шілдесінен бері - Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы.
Марапаттары «Құрмет» ордені (2006) «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалі «Астанаға 10 жыл» медалі «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісі «Отан» ордені (2021) Қызылорда облысының құрметті азаматы (2022)СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023. - 189-190 бб. ISBN 978-601-7059-54-5
Отбасы Қыздары - Баймаханова Гүлнара Болатбекқызы, Баймаханова Айман Болатбекқызы; ұлы - Баймаханов Жасұлан Болатбекұлы.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:3 қыркүйекте туғандар Санат:1962 жылы туғандар Санат:Қызылордада туғандар Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Жаңа экономикалық университеті түлектері Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан хирургтары Санат:Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының профессорлары Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздіктері