Төлеухан Садықұлов (20. 10.1940 ж. туған, Шығыс Қазақстан облысының Семей қалалық әкімшілігіне қарасты Шаған ауыл) — ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1986), профессор (1989), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1989). Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген (1964). 1967 жылдан осы университетте қызмет атқарады. Садықұлов елімізде етті-құйрықты қой тұқымдарын шығару және оны жетілдіру ілімінің генетикалық-селекциялық негіздерінің теориялық және практикалық салаларын дамытуда көп еңбек сіңірді. Ол “Дегерес қойы” тұқымын шығару жөніндегі жұмыстардың ғылыми жетекшісі болды. 110-ға жуық ғылыми еңбек жазған, оның ішінде 5 монография, 6 ұсыныс бар. Медальдармен марапатталған.

Қазақ энциклопедиясы, 7 - том Дегересские овцы, А.-А., 1985; Практикум по разведению и селекции животных (учебное пособие), А., 1999; Биотехнологический метод трансплантации эмбрионов для ускоренного развития дегересской породы, А., 2004; Разведение и селекция сельскохозяйственных животных, А., 2004. Дереккөздер:

Санат:Тұлғалар