Сафон ауылдық округі — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Орталығы және құрамындағы жалғыз елді мекен – Сафоновка ауылы."Қазақ энциклопедиясы", X том
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1774 адамды (913 ер адам және 861 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Округ жерінде адамдар тұрақты түрде XVIII ғасырдың II жартысынан бастап мекендеген. Жергілікті тұрғындардың негізгі кәсібі - балықшылық болған. 1928 жылы 26 сәуірде құрамында Үлкен және Кіші Сафон, Бағынты, 3атон, Утинск, Линейный сияқты елді мекендерді қамтыған Сафон болысы құрылған. 1930 жылдары осы округ қарамағында «Путь к социализму», 1960 жылдары «Путь к коммунизму» дербес мекеме болып жұмыс жасады. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары «Путь к коммунизму» ұжымшары негізінде 1996 жылы «Мұрагер», кейіннен «Каспий таңы» ӨК-і ұйымдастырылды.Киелі мекен, қасиетті өлке -Құрманғазы. Ағатай баспасы, Атырау-1920 ж. ISBN 978-601-7861-86-5
Округтегі тарихи және мәдени ескерткіштер Жамбыл Жабаев мүсіні Андрей Семенович Демичевтің мүсініҚұрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. ISBN 9965-17-535-7
Дереккөздер
Санат:Құрманғазы ауданы ауылдық округтері