thumb|right|Иезуиттер орнаменті Иезуиттер – Парижде құрылған католик монахтарының ордені (1534).
Рим папасы Павел ІІІ оны “Иисус қоғамы” деген атпен 1540 жылы бекіткен. Иезуиттер ордені – бір орталықтан басқарылатын, қатал тәртіпке негізделген, басшыларға сөзсіз бас июді талап ететін діни ұйым. Олар басқа монахтарша монастырларда тұрмайды, қайта қоғамдық өмірдің барлық салаларына белсене араласуды көздейді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Сілтемелер
Санат:Дін