Шалқар калий тұзы кен орны - Орал қаласынан оңтүстікке қарай 100 км жерде, Шалқар көлінің жағасында орналасқан.

Геологиялық құрылымы Шалқар құрылымы тұзбен кептелген алып тұз күмбезі болып табылады. Оның пішіні эллипс тәрізді, меридиан бағытында 35 км-ге, ендік бағытта 25 км-ге созылған.

Жатыс сипаты Кен орны біршама жазық, оңтүстікке еңістеліп, солтүстікте күрт үзіледі. Қат-қабат 270-350 м тереңдікте ангидрит-гипс тау жыныстарымен көмкерілген. Тұз үсті қат-қабатында үш шоғыр ерекшеленеді: төменгі гипс (75-140 м), орталығы ангидрит (20-90 м), жоғарғы гипс (20-60 м). Шалқар калий тұзы кен орнының қимасы екі қабаттан тұрады: төменгі галит белдемі (1000 м шамасында) және калийлі (өнімді) белдем (200 м). Мұнда жоғары сапалы сильвинит (30-70%), карналлит, кизерит пен бишофит бар. Қоры 1 млрд т шамасындағы кешенді кен орны.Қазақ энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім

Дереккөздер

Санат:Батыс Қазақстан облысы кен орындары