Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясының I съезі 1898 жылдың 1 (13) наурызынан 3 (15) наурызына дейін Минск қаласында жасырын түрде өтті. Съезге тоғыз делегат қатысты. Съезді шақырудың бастамашысы П. Б. Струве болды. Съезде партияның бағдарламасы да, жарғысы да әзірленбеді. Бірнеше аптадан кейін съезге қатысушылардың біреуінен басқасының барлығы тұтқындалды. В. И. Лениннің пікірінше, бұл съезде іс жүзінде әрекет ететін партия құрылмаған еді. Тарихшы Владлен Логинов бұл кезеңді былай сипаттаған: «Бұл әлі де үйірмешілдік кезеңі болатын. Бірінші съезге бір-біріне ықыласы бар бір топ жігіт жиналып, Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясын құруды ұйғарды»

Cъез шақырылымы thumb|left|250px|Cъез қатысушылары thumb|left|250px|РСДЖП I съезінің мұражай-үйі Алғаш рет әр жерде жеке-жеке әрекет етіп жүрген социал-демократиялық үйірмелердің съезін өткізу идеясы 1896 жылы Петербург социал-демократтары арасында көтерілді. Осы бастамамен «Төртінші парақ тобы» Вильно, Киев және Мәскеу ұйымдарымен келіссөздер жүргізіп, болашақ партияның игілігіне өз баспаханасын пайдалануға беруді де ұсынды. Алайда Петербургте, Мәскеуде және Орталық Ресейдің басқа қалаларында социал-демократтардың жаппай тұтқындалуы жалғаса бергендіктен, сол кезде партия съезін дайындау жөніндегі нақты жұмыстарды бастау мүмкін болмады.

1896 жылдың соңында Вильно тобы Петербург және Киев ұйымдарымен съезд шақыру мәселесін талқылай бастады. Осы келіссөздерден кейін шетелде қызмет етіп жүрген Ресей социал-демократтарының одағымен байланыс орнату үшін Швейцарияға екі делегат жіберілді. Ал 1897 жылдың жазында Цюрихте социал-демократиялық ұйымдарды біртұтас партияға біріктіру жобасы әзірленді.

Съезд шақыру идеясын Киев социал-демократтары да қолдады. Киевтегі «Жұмыс ісі» тобы Петербург, Вильно және Иваново-Вознесенск ұйымдарымен келіссөздер жүргізіп, 1897 жылы Киевте съезд өткізуге әрекет жасады. Алайда белгіленген уақытта Петербург пен Мәскеуден ғана өкілдер келгендіктен, съезді өтпеді деп есептеп, оның орнына шағын құрамдағы жеке кеңес өткізумен шектелу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар съезді дайындау жұмыстарын жандандырып, бүкілресейлік социал-демократиялық «Жұмысшы газетін» шығаруды жолға қою ұйғарылды. Газеттің алғашқы саны 1897 жылдың тамызында Киевте, ал екінші саны сол жылдың желтоқсанында жарық көрді. Басылым Ресейдегі жұмысшы қозғалысы туралы ақпарат таратып, жергілікті социал-демократиялық үйірмелер мен топтарды біртұтас пролетарлық партияға бірігуге шақырды.

Жиналыста съезд шақыру мәселесі талқыланып, оны ұйымдастыру міндеті Киев тобына жүктелді. Киев тобы съезге Петербург одағын («ескілер» фракциясын), Киев және Мәскеу одақтарын, Екатеринослав тобын, Литва социал-демократиялық партиясын және Бундты шақыруды ұсынды.

Алайда арада туындаған келіспеушіліктерге байланысты «Жұмысшы ойы» газетін шығаратын петербургтік социал-демократтар, сондай-ақ Иваново-Вознесенск, Одесса және Николаев социал-демократиялық топтарының өкілдері съезге қатысуға жіберілмеді. Бұл ұйымдар әлі де жеткілікті дәрежеде қалыптаспаған әрі астыртын әрекет ету талаптарын толық сақтай алмайды деп есептелді. Белостоктағы «Жұмысшы туы» ұйымына және Польша социалистік партиясына да шақыру жіберілмеді. Поляк социалистік партиясы қойған талаптар қабылдауға келмейтіндіктен, оны съезге шақырудан бас тартылды. Шетелдегі Ресей социал-демократтары одағы да съезге шақырылмады, өйткені оның делегаттары да астыртын жұмыс жүргізу талаптарын сақтай алмауы мүмкін деген қауіп болды. Харьков социал-демократиялық тобы партия құруға әлі ерте деп есептеп, съезге қатысудан бас тартты. Ал Литва социал-демократиялық партиясы бастапқыда съезге өз делегатын жіберуге келіскенімен, кейін шешімін өзгертіп, қатысудан бас тартты.

Cъездің жұмысы thumb|left|290px|Съез делегаттары (қатар бойынша): (1) С. Радченко, А. Ванновский, П. Тучапский, (2) Б. Эйдельман, Н. Вигдорчик, К. Петрусевич, (3) А. Мутник, А. Кремер, Ш. Кац Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясының I съезі теміржол қызметкері, социал-демократ П. В. Румянцевтің Захарьевская көшесіндегі пәтерінде өтті. Ұлы Отан соғысы кезінде бұл үйді неміс басқыншылары өртеп жіберген. Кейін ғимарат толық қалпына келтірілді. Қазір мұнда Тәуелсіздік даңғылы, 31А мекенжайында орналасқан Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясының I съезінің үй-мұражайы жұмыс істейді. Съез «Халық еркі» ұйымының қызметімен сабақтастықты көрсету мақсатында 1 наурызда басталып, үш күнге созылды. Оны ұйымдастырушылардың бірі Елена Ильинична Гурвич болды.

Съезге Ресейдегі ірі социал-демократиялық ұйымдардың атынан 9 делегат қатысты. Олар Петербург, Мәскеу, Екатеринослав және Киев қалаларындағы «Күрес одақтарының», сондай-ақ «Жұмысшы газеті» тобы мен Бундтың өкілдері еді. Жұмысшы табын азат ету жолындағы күрес одақтарынан съезге төрт делегат қатысты: Петербург одағынан — Степан Радченко, Мәскеу одағынан — Александр Ванновский, Киев одағынан — Павел Тучапский, Екатеринослав одағынан — Казимир Петрусевич. Бунд атынан Шмуэль Кац, Арон Кремер және Абрам Мутник келді. Ал Киевтегі «Жұмысшы газеті» тобының атынан Борис Эйдельман мен Натан Вигдорчик қатысты. Съез барысында барлығы 6 отырыс өтті. Құпиялылықты сақтау үшін отырыстардың хаттамалары жүргізілмей, тек қабылданған қарарлар ғана жазылып отырды.

Съездегі басты мәселе партия құру болды. Съез марксистік жұмысшы партиясын құру туралы жариялап, оған Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясы (РСДЖП) деген атау берді. Жаңа партия Ресейдегі барлық ұлттардың пролетариатын біріктіруге тиіс еді. Бірауыздан қабылданған қарарда барлық «Күрес одақтары», «Жұмысшы газеті» тобы мен Бундтың «Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясы» деген атаумен біртұтас ұйымға бірігетіні айтылды.

Алғашында партия «Ресей социал-демократиялық партиясы» деп аталды. Съезде бұл атау бес делегаттың қолдауымен, төрт делегаттың қарсылығына қарамастан қабылданды. Кейін Манифестті әзірлеу барысында ОК екі мүшесінің келісімімен партия атауына «жұмысшы» сөзі қосылды.

Съез партияның съезге есеп беріп отыратын атқарушы органы ретінде РСДЖП орталық комитетін сайлады. Оның құрамына үш адам кірді: Петербургтегі «Жұмысшы табын азат ету жолындағы күрес одағынан» — С. И. Радченко, «Жұмысшы газеті» тобы атынан — Б. Л. Эйдельман, ал Бунд атынан — А. И. Кремер. Орталық комитетке партияның жүйелі жұмысын қамтамасыз ету, күштер мен қаражатты ұтымды бөлу, бірыңғай талаптарды белгілеу және олардың орындалуын ұйымдастыру міндеттері жүктелді. Сонымен қатар ол жергілікті комитеттерге партиялық әдебиеттерді дайындап, жеткізуге, сондай-ақ бүкіл Ресей үшін ортақ маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыруға тиіс болды. Мұндай іс-шараларға 1 мамырды мерекелеу, маңызды оқиғаларға байланысты үнпарақтар шығару, ереуілшілерге көмек көрсету және басқа да шаралар кірді.

«Жұмысшы газеті» партияның ресми басылымы болып жарияланды. «Шетелдегі орыс социал-демократтарының одағы» партияның құрамдас бөлігі әрі оның шетелдегі өкілі деп танылды. Съез Орталық комитет мүшелеріне партияның таяудағы саяси міндеттері баяндалатын «Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясының Манифесін» әзірлеуді тапсырды. П. Б. Струве жазған Манифесте, атап айтқанда, былай деп көрсетілді: «Еуропаның шығысына қарай жылжыған сайын буржуазия саяси тұрғыдан барған сайын әлсіз, қорқақ әрі пасық бола түседі, ал пролетариаттың мойнына мәдени және саяси міндеттер соғұрлым көбірек жүктеледі».

Cъез манифесті thumb|right|270px|РСДРП манифесі жебірей тіліндегі газетте. 1898 жыл. 1898 жылдың сәуірінде Бобруйск қаласындағы Бундтың жасырын баспаханасында жеке парақша болып басылып шыққан «Манифест» пен съезд қабылдаған шешімдерді Ресейдің революцияшыл социал-демократтары тарихи маңызы зор құжаттар деп бағалады. Әсіресе, «енді орыс социал-демократиясының жергілікті күштерін, үйірмелері мен ұйымдарын біртұтас “Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясына” біріктіретін кез келді» деген тұжырымға ерекше назар аударылды. Съезден кейін социал-демократиялық ұйымдар мен одақтар Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясының (РСДЖП) комитеттері деп атала бастады.

Алауыздық РСДЖП-ның I съезі социал-демократиялық қозғалыстағы идеялық және ұйымдық алауыздықты жоя алмады. Съезде партияның бағдарламасы да, жарғысы да әзірленбеді. Сондай-ақ партия біртұтас орталықтандырылған ұйым ретінде қалыптаса алмады. Съезден кейін көп ұзамай партияның көптеген ұйымдары талқандалып, жағдай одан әрі қиындай түсті. 9 делегаттың сегізі, соның ішінде Орталық комитеттің барлық мүшесі тұтқындалды. Полиция жасырын баспахананы басып алып, басып шығаруға дайын тұрған «Жұмысшы газетінің» № 3 санын да қолға түсірді.

Ресей социал-демократиялық қозғалысында «берекесіздік пен тұрақсыздық» кезеңі басталды (В. И. Лениннің толық шығармалар жинағы, 5-басылым, 9-том, 51-бет; 16-том, 100-бет). Революциялық марксизм қағидаттарына сүйенген партияны құрып, оны нығайтуға, сондай-ақ идеялық және ұйымдық бірлігін қамтамасыз етуге 1899 жылдан 1903 жылға дейінгі бес жылға жуық уақыт қажет болды. 1903 жылдың шілдесінде «Искра» газетінің редакциясы шақырған РСДЖП-ның екінші съезінде революциялық марксистік ұйымдарды біріктіру үдерісі аяқталып, Ресейдің жұмысшы табының партиясы құрылды.

Съезд туралы саяси полицияның мәліметтері thumb|right|270px|С. В. Зубатовтың съез туралы баяндамасы Қорғау бөлімінің агенттері Б. Эйдельманды көптен бері бақылап жүрген. Оның соңынан ерген агенттер Харьковтан Минскіге келген. Минскіде олар өздеріне бұрыннан таныс Тучапский мен Вигдорчикті де көрген. Бұл туралы жеделхат алған іздестіру бөлімінің басшысы С. В. Зубатов олардың кездесуіне аса мән бермеген. Оның үстіне, бақылаудағы адамдар ол кезде әр жаққа тарап кеткен еді. Соған қарамастан, ол бұл жайында ІІМ департаментінің директоры Л. А. Ратаевқа хабарлаған: Қолда бар құпия мәліметтерге қарағанда, бірнеше жергілікті революциялық ұйымның өкілдері қатысқан съез Минскіде өткен жылдың 1–2 наурызында болған. Съезге қатысушылар бұл ұйымдарды Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясы деген ортақ атаумен біріктіретінін жариялаған. Аталған съезге қатысқандардың қатарында тергеуге тартылған Борух Эйдельман, Абрам Мытникович және Арон Кремер (Ресей мен Польшадағы Жалпыеврей жұмысшылар одағының атынан), Екатеринослав үйірмесінің өкілі Казимир Петрусевич, Киевтегі Жұмысшы табын азат ету жолындағы күрес одағының өкілі Павел Тучапский, Мәскеудегі осындай одақтың өкілі Александр Вановский, Минск социал-демократтарының бір делегаты және тұтқындалмай қалған тағы бір адам болған…

Осы жерге берілген ескертпеде былай делінген: «Құпия бақылауда болған ақсүйек Рудольф Иванов Данилович қыркүйекке дейін Петербургте тұрған, кейін Варшаваға кеткені тіркелген».

Одан әрі: Съезді ұйымдастыру бастамасы мен оның жұмыс барысына жетекшілік ету, шамасы, оңтүстік Ресейдегі жұмысшы ұйымдарының өкілі Б. Эйдельманға тиесілі болған. Ал бұл іске негізінен Мытникович, Кремер және Румянцев көмектескен болуы ықтимал.

Бұл мәліметтен Зубатовтың өзі де съезден бір жылға жуық уақыт өткен соң оның жайында әлі де нақты деректерге ие болмағаны байқалады. Хабарлама мәтіні:

№ 371 0.0. 30/1 № 259 Аса құпия.

Мәскеу қаласындағы қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау бөлімінің басшысына.

Құрметті Леонид Александрович!