Миялы қорғаны — Атырау облысы, Қызылқоға ауданында Миялы ауылынан солтүстік- шығысқа қарай 3 км жерде, Кенен қыстауы деп аталатын құмды - мергелді кемердің шетінде орналасқан. 16 үлкен, орта және ұсақ үйінділерден тұратын қорған кешені ұзындығы 1,2 км шығыс-батыс осінде орналасқан. Ескерткіштер алғаш рет 2013 жылы «Атырау облысы ескерткіштерін қорғау жөніндегі инспекция» қызметкерлері барлау жұмыстары нәтижесінде тауып тіркеді және ерте темір ғасырындағы жерлеу ескерткіштері ретінде анықталды.Касенов М.С. Атырау облысы, Қызылқоға ауданында жүргізілген археологиялық барлау жұмысының есебі. 2014 ж. - 30-б.

Миялы - 1 қорғаны Нысанның өлшемдері: диаметрі 19 м, ең биік нүктесі - 1,2 м, жағалау құрылымы борпылдақ құмды топырақтан тұрады. Қорғанның үстінгі беті оңтүстік-батысқа қарай төмендейді. Төменгі тереңдігі 0,3 м-ге дейін. Материк жағалаудың төменгі горизонтымен және жануарлар сүйектерінің сирек кездесетін фрагменттерімен анықталды. Стратиграфиялық материктік негіз тек оңтүстік және оңтүстік-батыс қазба секторларында анықталды. Құмды топырақ, әсіресе төменгі деңгейлерде, сары-қоңыр негізге қарағанда ашық түсті және жұқа құрылымға ие. Үйіндіні алу кезінде қорғанның орталық бөлігінде 5 жерлеу (қабір және созылған күйде) табылды. Қабірлер ертеде және казіргі заманда қаты тоналып бүлінген. Жоғарғы 4 қабір темір дәуіріне жатады. Ал, төменгі 5 қабір қола дәуіріне жатады.Отчеть. О научно-исследовательской работе. Археологические исследования объектов историко-культурного наследия по теме «Курганный комплекс Миялы». - Атырау, 2017 г. - 103 с. (Касенов М.С.).

Қабір - 5. Шұңқырдың өлшемдері 2,2х1,5 м сопақша пішінді. Шұңқырды тазарту кезінде ірі қара малдың екі сүйегі табылды. 1,4 м тереңдікте қабір төсеніші мен ағаш қалдықтары табылды, жабынның қалдықтары шіріген және нашар сақталған. Қабірдің түбі тегіс. Мұнда сүйектері анатомиялық қалпын толық сақтаған адам қаңқасы тазаланды. Қаңқа басы сол жағымен бүктеліп, басы шығысқа қаратылған күйде жатыр. Бас сүйегі біржағымен жатыр және қатты жаншылған. Бас сүйеке қарап, қайтыс болған адам ересек адам, әйел болған. Қаңқаның бүкіл анатомиялық көлемі қатты деформацияланған: кеуде, жамбас сүйектері және аяқтың үлкен сүйектері жаншылған. Омыртқа нашар сақталған. Қол сүйектерінің орналасуы қайтыс болған адамның жоғарғы денесінің бүйірінде жатқанын көрсетеді. Оң қол дененің бойымен созылып, шынтақтан қатты бүгілген. Қол білектің сүйектері бүгіліп орналасқан және аяқтарға қарайды. Аяқтың сүйектері тізеден бүгілген. Жамбас сүйектері омыртқа осіне тік бұрышта орналасқан. Тізе буыны, ұсақ қол саусақтары және аяқ саусақтары сақталмаған. Қаңқаның төменгі бөлігі (жамбас сүйектерімен қоса) нашар сақталған, әсіресе оң аяғы мен оң жамбас сүйегі. Қабір жерлеу рәсіміне сәйкес қола дәуіріне жатады.Касенов М.С. Курганный комплекс Миялы // Археологиялық коллекция ғылыми каталог/Археологическая коллекция научный каталог. Том 2. - Алматы: «Балауса», 2020. - 416 с.

Дереккөздер

Санат:Қорғандар Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері Санат:Атырау облысы тарихы Санат:Атырау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері