Беларус мемлекеттік экономикалық университеті (БМЭУ; ; ) — Беларусьтегі ең ескі университеттерінің бірі. Экономика, басқару және құқық саласындағы мамандарды даярлауды жүзеге асырады, Минскіде орналасқан.

Университет 1933 жылы Беларус ұлттық экономика институты атауымен құрылған. 1992 жылғы қаңтарда ол қазіргі атауын алды. 1997 жылы университетке экономика саласындағы мамандарды даярлау бойынша жетекші білім беру мекемесі мәртебесі ресми түрде берілді. БМЭУ-да 27-ден астам елдің студенттері білім алады. БМЭУ-дің Ресей және Қытай университеттерімен қос дипломды бағдарламалары бар.

Ғылым және педагогика мектептері Ұлттық экономика Экономика және кәсіпорын менеджменті Маркетинг Өнімдер менеджменті Қаржы Экономика және сауда менеджменті Бухгалтерлік есеп, экономикалық қызметті талдау, бақылау, тексеру және аудит Статистика Математика тәсілдері және экономика Әлем экономикасы

Дереккөздер

Санат:Минск университеттері Санат:Экономикалық университеттер Санат:КСРО ғылыми ұйымдары