Жангелді обалар тобы — Атырау облысы, Индер ауданы Ақжайық ауылының солтүстік-шығысына қарай 12 км жерде, жазық алқапта орналасқан.
Орны, сипаттамасы Жангелді қорғандар тобына үш қорған кіреді:
Жангелді - 1 обасы. GPS координаты: N47°55,823'; EOS1°47,926'. Оның пішіні дөңгелек келген, көлемі: диаметрі 120 м, биіктігі 3 м. Айналдыра ені 10 м, тереңдігі 1 м болатын ормен қоршалған. Қорған топырақтан үйілген. Үстінде геодезиялық «трянгуляция» белгісінің қалдығы бар. Сонымен бірге ұлутастан жасалған биіктігі 80 см арабша жазуы бар құлпытас орнатылған. Құлпытас XIX ғасырда қойылған.
Жангелді - 3 обасы. Ол Жангелді -2 қорғанының шығысында орналасқан. Көлемі: диаметр 10 м, биіктігі 0,5 метр.
Жангелді - 2 обасы. Кординаты: N47°55.945; E051°47.664. Көлемі: биіктігі 1 метр, диаметрі 42 метр. Сыртындағы орының ені 10 метр, тереңдігі 0,5 м. Беткі қабатын өсімдік жамылғысы басқан. Топырақ жамылғысы негізінен бозғылт құмдақты, сұр топырақтан тұрады.
Қазба жұмыстары Қорғанға кесінді қазба салынды. Кесінді ені метр, қазбадан ешқандай немесе ерекше жамылғысы байқалмайды. Оңтүстік батыс тұсынан жер деңгейінен қойдың сүйектері шықты. Бұл құрбандықа шалынған мал сүйегі. Қорған ортасынан ақшыл топырақтан төселген алаңқай анықталды, көлемі 4,5х4,5 метр, қалыңдығы 15 см. Ортасына көлемі 2х2 метр, тереңдігі 1 метр ор қазба салынды. 30 см, терендіктен кұс, ірі қара малдың омыртқа сүйектері шықты, Оңтүстік-шығыс тұсынан қабір шұңқыры анықталды. 1 метр тереңдіктен жақсы сақталған адам қаңқасы табылды. Оның басы оңтүстік батысқа қараған. Шалқасынан жатқызылып, қолдары екі жағына созылған, аяқтары тік созылып жатыр. Қаңқаның бел тұсына ірі қара малдың жамбас сүйегі қойылған.
Қаңқа бойы 1,70 метр. 35 жас шамасындағы ер адам. Мойны мен бас тұсынан 100-ге жуық алтыннан жасылған жапсырмалар табылды. Олардың диаметрі 0,5 см. жалпақ және дөңес түрінде жасалған. Белі тұсындағы оң қол жанынан темір семсер мен қанжар орналасқан, бетінде қайың қабықтары қалдықтары бар. Олардың ортасында сүйек кездік жатыр.
Одан төменірек 40-қа жуық темір жебе ұштары орналасқан. Олар өте нашар сақталып, шіріген. Оң қолы білегіне үш орамды жасалған, алтын сым білезік салынған. Оң саны тұсынан алтын сырға табылды. Сол жақ тізе тұсына қола айна қойылған. Сол тұста шлак қалдықтары бар. Сирақтар ортасында түсті құмыра сынықтары жатыр. Қабірден көптеген қайың мен ағаш қалдықтарыны шығуы оның кезінде, ағаш қабығымен жауып көмгенін көрсетеді. Бұндай ағаштар 10 км жердегі Жайық өзені жағасында өскені белгілі.
Табылған заттардың сипаттамасы Алтын жапсырмалар. 37 дана. Жарты шар пішініне ұқсас келген. Диаметрі 0,5 см, қалыңдығы 0,1 см болады. Жапсырманың артқы жағында, екі жағында жіп өткізетін тесіктері бар. Алтын жапсырмалар. 63 дана. Жарты дөңгелек пішініне ұқсас келген. Диаметрі 0,5 см, қалыңдығы 0,1 см. болады. Жапсырманың артқы жағында, төрт жағында жіп өткізетін тесіктері бар. Олардың бас киімге тігілгенін көрсетеді. Алтын білезік. Үш оралып жасалған сымнан тұрады. Диаметрі 7 см, жуандығы 0,3 см. Алтын сырға. Диаметрі 1,5 см, жуандығы 0,1 см. Арасы қосылмаған. Қола айна. Диаметрі 9 см, қалыңдығы 0,2 см. Нашар сақталған. Қыш көзе. Биіктігі 18 см, ернеуінің диаметрі 10 см, бүйірінің диаметрі 15 см. Бүйірлі болып, ернеуі тік келген. Мойын тұсында сынған сап орны сақталған, қалыңдығы 1,5 см. Сырты жылтыратылып сапалы жасалған. Семсер. Темір. Ұзындығы 70 см, ені 5 см, қалыңдығы 1 см. Нашар сақталған. Ақинақ. Темір. Ұзындығы 45 см, ені 5 см, қалыңдығы 1 см. Нашар сақталған. Темір жебелер. 40 дана. Үш қырлы болып жасалған. Ағаш саптары бар, өте нашар сақталған, шіріген. Сүйек кездік. Ұзындығы 20 см, жуандығы 1 см. Басында арнайы жасалған тесік бар. Сапалы қаты сүйектен жасалған.
Батыс Қазақстан аймағында қазіргі кезеңде көптеген ескерткіштер есепке алынып тіркелген.К истории северо-восточного Прикаспия. Реестр археологических памятников области - Атырау, 1996. - 40 с. (Составитель В.К. Афанасьев) Жангелді обаларының жасалу кезеңі біздің эрамызға дейінгі ІІ-ғасырларға жатады. Жангелді-1 обасы — ақсүйек қорғаны. Оған оның географиялық орналасуы мен оның үлкендігі жатады.
Дереккөздер
Санат:Қазақстандағы қорымдар Санат:Атырау облысы тарихы Санат:Қазақстандағы археология Санат:Қазақстан обалары Санат:Атырау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері