Талас аудандық тарихи-өлкетану музейі — 1989 жылы 20 тамызда сол кездегі Талас ауданының орталығы Ақкөл ауылында ашылды. Ауданда музей ашу туралы Қазақстан Компартиясы Талас аудaндық комитетінің бюросы мен Халық депутаттары аудандық кеңесі атқару комитетінің «Ақкөл селосында қоғамдық негіздегі ауданның тарихи және өлкетану музейін ашу туралы» 22 сәуір 1989 жылы №146 қаулысы қабылданды. 1997 жылы Талас ауданының орталығы Қаратау қаласына ауыстырылуына байланысты аудандық музей Қаратау қаласына көшіріліп алынды.
Мұражай залдары Қазіргі уақытта музейде 6010 жәдігер сақталған, оның 3800-і негізгі қорда орналасқан. Экспозиция 5 негізгі бөлімнен тұрады: Археология - аудан аумағынан табылған тас дәуірінен бастап орта ғасырларға дейінгі археологиялық жәдігерлерді қамтиды. Этнография - қазақ халқының тұрмыс-салты, қолөнері, әдет-ғұрыптары туралы мәліметтерді ұсынады. Палеонтология - ежелгі жануарлар мен өсімдіктердің қазба қалдықтарын көрсетеді. Талас ауданының тарихы - ауданды мекендеген халықтардың тарихы мен мәдениетін баяндайды. Тәуелсіз Қазақстан - қазіргі Қазақстанның даму кезеңдерін, тәуелсіздік жолындағы жетістіктерді көрсетеді.
Экспозицияларда заманауи технологиялар, бейнемазмұндар, макеттер мен суреттер пайдаланылады, бұл келушілерге ауданның тарихын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Дереккөздер
Санат:Талас ауданы