Молдашер Жамұратұлы (1825, қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы — 1904, қазіргі Өзбекстан, Бұхара облысы Тамды ауданы Авангард ауылы) — ахун, діни қайраткер, ағартушы, балуан.
18–19 ғасырларда Сырдария мен Әмудария өзендерінің атырабындағы қазақ ауылдарында дін-исламды насихаттау, халықты ағарту және ұлт-азаттық қозғалыстарына қолдау көрсету жолында еңбек еткен.Қазақстан тарихы. Энциклопедия. – Алматы: «Литера-М» ЖШС, 2020. – Т. 3. – 824 б. (64–65 бб.).
Өмірбаяны мен білімі Бастапқы білімін ауылдық молдадан алған. Есейген шағында, 1843 жылы Бұхара қаласындағы «Көкілташ» медресесіне оқуға түседі. Медреседе араб тілінің грамматикасын, логика, шешендік өнер, ақида, құқық негіздерін меңгеріп, фиқһ, тәпсір, хадис және кәлам еңбектерін оқыған.
Бес жылдық оқуды үздік тәмамдаған соң, тағы екі жыл білімін жетілдіріп, 1850 жылы «ахун» дәрежесін алған.
Сонымен қатар Молдашер жауырыны жерге тимеген балуан болған.
Қоғамдық және саяси қызметі XIX ғасырдың үшінші ширегіндегі ұлт-азаттық қозғалысына белсене атсалысты. Өзі жүргізген діни тәлім-тәрбие беру, оқу-білім нұрын тарату және азаттық күресіне қолдау көрсету арқылы отаршыл патша саясатына қарсы күрес жүргізді: Жанқожа батыр; Сыздық сұлтан; Пірәлі би көтерілістеріне дәулетті әрі беделді кісі ретінде демеушілік жасап, материалдық және рухани тұрғыдан көмектесіп отырған.Қазақ көтерілістері: энциклопедия. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – 616 б. (390–391 бб.).
1863 жылы патша билігінің қыспағына байланысты Сыр бойынан өзіне қарасты ауылдармен Қызылқұм өңіріне қоныс аударды.Омаров Қ. Сыр еліндегі діни-ағартушылық дәстүр. Молдашер ахунның қайраткерлік қырлары // «Сыр еліндегі діни-ағартушылық ой-сана» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы: Орхон, 2010. – 247–249 бб.
Мұрасы мен естеліктер Қазіргі Өзбекстан Республикасы Тамды ауданына қарасты Ақбайтал деген жерде өз қаражатына төрт құдық қаздырған. Бұл құдықтар Өзбекстанның топонимикасында сақталған.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024. – 700 б. (467-б.).
1904 жылы қайтыс болған. Бейіті де Ақбайтал елді мекенінде орналасқан.
Орналасқан жерлерінің интерактивті картасы [
"type": "Feature", "properties": { "title": "Молдашер ахун құдықтары", "description": "Ақбайтал жеріндегі Молдашер ахун қаздырған құдықтар (43.519428, 64.435300)", "marker-symbol": "water", "marker-color": "0080ff", "marker-size": "medium" }, "geometry": { "type": "Point", "coordinates": [64.435300, 43.519428]
},
"type": "Feature", "properties": { "title": "Молдашер ахун бейіті", "description": "Молдашер Жамұратұлының Ақбайталдағы бейіті (43.176334, 64.275034)", "marker-symbol": "cemetery", "marker-color": "800000", "marker-size": "medium" }, "geometry": { "type": "Point", "coordinates": [64.275034, 43.176334]
]
Дереккөздер
Санат:1825 жылы туғандар Санат:1904 жылы қайтыс болғандар Санат:Қармақшы ауданында туғандар Санат:Тұлғалар Санат:Қызылорда облысында туғандар