Нұрсахан Ахметқызы Бейсенбекова (16 қазан 1950 жыл) — тарихшы-ғалым, алаштанушы, ұстаз.
Өмірбаяны Нұрсахан Ахметқызы 1950 жылы 16 қазанда бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал ауданында дүниеге келген. Тарих ғылымдарының профессоры. ҚР Білім беру ісінің қызметкері. 1974 жылы ҚазҰУ-ды бітірген. Еңбек жолын Сарыарқа даласында бастаған Нұрсахан Ахметқызы бүгінгі күні ұлағатты ұстаз, көрнекті ғалым. Алғашқы білімді ауыл мектебінен алған. Жоғары білімін Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінде алды. Студенттік кезеңі білім жолына ғана емес ғылымға бет бұруына сондай-ақ, өмірлік серігін жолықтыруына себеп болған шағы еді. Нұрсахан Ахметқызы бала кезінен поэзияға жақын. Мұқағали Мақатаев пен Мұхтар Шахановтың шығармаларын сүйіп оқиды. Кандидаттық десертациясын қорғап, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің археология, этнология және отан тарихы кафедрасында бүгінгі күнге дейін ұстаздық қызметін ғылыммен ұштастырып келеді. Нұрсахан Ахметқызы «Жас Алаш» клубын құрған. 1995 жылы іргесі қаланған бұл клуб 2005 жылы қайта жаңғырып, қазіргі кезде бүкіл алаш тарихын зерттейтін бірегей орталыққа айналды. Клуб аясында «Тұлғалар тағылымы» атты жинақ тұрақты түрде жарық көріп, тарихи мұраны дәріптеуге ықпал етуде. 2016 жылы Нұрсахан Ахметқызын бала арманы Үндістандағы конференцияға жетеледі. Дели қаласында өткен маңызды іс-шарада Қазақстан мен Үндістанның байланысы, Махатма Ганди мен Әлихан Бөкейхан идеяларын салыстырып, арнайы баяндамасын оқыды. Қарағандыда ғана емес, Бұқар жырау ауданы, Балқаш, Саран қалаларында білім мен ғылым жолындағы дәрістерін оқыды.
Еңбектері Бейсенбекова Н.А., «Сарыарқаның ұлы азаматтары». (ХХ басы) 2008. Бейсенбекова Н.А., Жұмашев Р.М: «Қазақстан тарихының тарихнамасы.Очерктер», 2009. Бейсенбекова Н.А., Шотбакова Л.К. «Тәуелсіз Қазақстан жылнамасы», 2016. Бейсенбекова Н.А., Шотбакова Л.К. «Культурное наследие этносов Казахстана:история и современность», 2018. Бейсенбекова Н.А., Шотбакова Л.К., Смагулова Г.М., Абдикерова Б. «Қарағанды облысы. Жалпы білім беретін мектептің 5-7 сынып оқушыларына арналған оқулық.», Алматы 2018. Бейсенбекова Н.А. , Шотбакова Л.К., Өскенбаев Қ.С. «Алаш қозғалысының тарихы. Оқу құралы.», Қарағанды 2018. Бейсенбекова Н.А., Шотбакова Л.К. «Қазақстан тарихының Отандық тарихнамасы. Оқу құралы.», Қарағанды 2022. Бейсенбекова Н.А., Тарыбаева А.К., Тұтқыш А.Ж. «Тарихи тұлғалардың рухани мұрасы» әдістемелік нұсқау, Қарағанды 2022. Бейсенбекова. Н.А., Смагулова Г.М., Шотбакова Л.К.,: «Нығмет Нұрмақов тарихи тұлға:деректік және тарихнамалық талдау», 2020. Бейсенбекова. Н.А., Смагулова Г.М., Шотбакова Л.К.,: «Әлихан Бөкейхан - ұлт мақтанышы». Монография,2016.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Тарих ғылымдарының кандидаттары