Қамарияш Райханқызы Қалкеева — педагогика ғылымының докторы (2010), профессор.
Өмірбаяны, еңбек жолы 1958 жылы 23 қаңтарда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында туған.
Жезқазған педагогикалық институтын (1985, қазіргі Жезқазған университеті) бітірген. Осы институтта оқытушы (1985-2006), 2006 жылдан Еуразия ұлттық университетінде оқытушылық қызметін атқарады.
Ғылыми бағыты, еңбектері "Қазақстан педагогикасы және білім тарихы мазмұнын жүйелеу және құрастырудың ғылыми методологиялық негізі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монография, 2 оқулық, 10-нан астам оқу-әдістемелік құралдардың авторы.
Марапаттары "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі" (2011); "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2011).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6. Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі (2016)."Ыбыраевские чтения – 2016".
Сыртқы сілтемелер Калкеева Камарияш Райхановна.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Педагогика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Еуразия ұлттық университетінің профессорлары