Сейсенкүл Ахметқызы Қалқабаева — медицина ғылымының докторы (2008), профессор (2009).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1953 жылы 16 наурызда қазіргі Түркістан облысы, Кентау қаласында туған.
Алматы мемлекеттік медицина институтын (1980, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. Алматы қаласы медициналық жедел жәрдем бекетінің дәрігері (1980-82), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кабинетінде аға әдіскер (1982-95), оқу-әдістемелік бірлестігінде ғылыми хатшы (1995-98), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында басқарма бастығы, кафедра ассистенті, доцент, профессор (1998-2007), 2008 жылдан Оңтүстік Қазақстан фармацевтика академиясында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Биология және География кафедрасында профессор.Профессор-оқытушылар құрамы.
Ғылыми бағыты, еңбектері "Ауруханаға дейінгі кезеңде гипертензивті криздердің диагностикасы мен емін оңтайландыру жолдары" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 150-ден астам ғылыми еңбектің және 350 әдістемелік нұсқаудың, 2 патенттің авторы.
Марапаттары КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі (1990); Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (1998); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі медалі (2011); Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі (2011).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы тұлғалары