Қырғызстан филармониялары – Қырғызстандағы ресми статистикасы бойынша, 2024 жылдың соңындағы мәліметке сәйкес, елде 6 концерттік ұйымның ішінде 3 филармония дербес мәдени мекеме ретінде қызмет атқарады. Солардың ішінде ең көп көрермен қабылдайтын мекеме – Бішкекте орналасқан Токтогул Сатылганов атындағы Қырғызстанның Ұлттық филармониясы. № Атауы Орналасқан жері Құрылған жылы Мәртебесі 1Токтогул Сатылганов атындағы Ұлттық филармония Бішкек қаласы 1936 жылы 7 қазанда халық аспаптар оркестрінің негізінде құрылған, көптеген жылдар бойы өзінің концерт залы болмаған. Концерттер КомВуз және ауыл шаруашылығы министрлігінің залдарында өтті. Қазіргі ғимаратты А. Печенкин жобалап, 1980 жылы филармония ғимараты салынған. Ұлттық 2Рыспай Абдыкадыров атындағы Ош облыстық филармониясы Ош қаласыФилармония 1987 жылы Қырғыз КСР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен құрылды. Алғашқы жылдары жеке ғимараты болмаған. 1994 жылы ұлттық музыканың дамуына зор үлес қосқан қырғыз сазгері, әнші, Қырғызстанның халық әртісі Рыспай Абдыкадыровтың (1941–1994) есімі берілді. Ал 1997 жылы бұрынғы кинотеатр ғимараты қайта жаңғыртылып, филармонияның тұрақты ғимараты ретінде пайдалануға берілді. Облыстық 3Токтосун Тыныбеков атындағы Жалалабат облыстық филармониясы Жалалабат облысыФилармония 1994 жылғы 8 шілдеде Жалалабат облыстық мемлекеттік әкімшілігінің бастамасымен құрылды. Алғашқы кезде бұрынғы «Юбилейный» кинотеатрының ғимаратында орналасты. 1997 жылы филармонияға Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі, төкмө ақын әрі көпқырлы өнер иесі Токтосун Тыныбековтың есімі берілді. Сол жылы ғимарат алдында оның ескерткіші орнатылды. Облыстық
Дереккөздер
Санат:Қырғызстан филармониясы