Bozdağ Film — 2016 жылы түрік сценарисі, продюсері әрі режиссері Мехмет Боздагтың бастамасымен құрылған түрік медиа және кинокомпаниясы.
Туралы Телехикая, көркем фильм, телефильм және деректі фильм жанрларында жобалар шығаратын Bozdağ Film құрылған күннен бастап көптеген түрлі туындыларды өмірге әкелді. Компанияның басқарма төрағасы қызметін танымал продюсер әрі сценарист Мехмет Боздаг атқарады.
Киностудия өз саласында аты шыққан режиссерлермен, сценаристермен және актерлермен жұмыс істеумен қатар, кино өндірісінің әртүрлі кезеңдерінде жаңа есімдерге де қолдау көрсетіп, жұмыс істеуге мүмкіндік беріп келеді. Bozdağ Film өз туындылары арқылы көрерменнің жүрегінен орын алып, өшпес із қалдыруды мақсат етеді.
Bozdağ Film 140 гектар (дәлірек айтқанда 140 дөнім) аумаққа салынған Түркияның ең үлкен фильм платосы (түсірілім алаңы), кәсіби продакшн, өнер және декор топтары, сондай-ақ көптеген тәуелсіз қызметкерлерімен бірге кино және сериал саласына көшбасшылық етіп келеді. Киностудия «Мехметшік: Құтты жеңіс» (Mehmetçik Kutlu Zafer), «Құрылыс: Осман» (Kuruluş Osman), «Боз дала арыстаны: Жәләлиддин» (Bozkır Arslanı Celaleddin), «Дастан» (Destan), «Ал Санжақ» (Al Sancak), «Отты құстар» (Ateş Kuşları), «Кішкентай данышпан: Ибн Сина» (Küçük Dahi: İbn-i Sina), «Бұл бір махаббат» (Bir Sevdadır), «Азиз Махмуд Хүдаи: Махаббат сапары» (Aziz Mahmud Hüdayi: Aşkın Yolculuğu), «Бір замандардағы Стамбул» (Bir Zamanlar İstanbul) және «Құрылыс: Орхан» (Kuruluş Orhan), «Махаббат пен тақ» (Aşk ve Taht), «Ақылды өнертапқыш Әл-Жазари» (Çılgın Mucit El Ceziri) және «Өмір оқиғасы» (Bir Hayat Hikayesi) сияқты ірі жобаларымен сериал индустриясына жаңа серпін берді. Өз саласында халықаралық деңгейдегі көшбасшылардың біріне айналған Bozdağ Film компаниясының соңғы туындыларының бірі «Түріктер келеді: Әділет қылышы» көркем фильмі әлемнің 40 елінде кинотеатрларға шықты.
Туындылары Жыл Туынды атауы Түрі 2018-2019 Мехметшік: Кұтты жеңіс Телехикая (Сериал) 2019-2025 Құрылыс: Осман 2020 Түріктер келеді: Әділет қылышыКөркем фильм 2021-2022 ДастанТелехикая (Сериал) 2021-2023 Боз дала арыстаны: ЖәләлиддинТелехикая / Интернет сериал2023Ал СанжақТелехикая (Сериал)2023-2024Отты құстар 2023-Кішкентай данышпан: Ибн СинаИнтернет сериал2024Бұл бір махаббатТелехикая (Сериал)Азиз Махмуд Хүдаи: Махаббат сапары2025Бір замандардағы Стамбул2025-2026Құрылыс: Орхан2026-Махаббат пен тақЖақындаАқылды өнертапқыш Әл-Жазари Интернет сериалЖақындаӨмір оқиғасыТелехикая (Сериал)ЖақындаМың бір түн ертегілеріИнтернет сериал
Дереккөздер
Санат:Түркия кинокомпаниялары Санат:2016 жылы құрылған компаниялар