Федор Зиновьевич Рванцев (2 қазан 1902, Флор ауылы, Владимир губерниясы, Ресей империясы — қыркүйек 1967, Мәскеу, КСРО) — кеңестік мемлекет, партия және шаруашылық қайраткері. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылым депутаты.
Өмірбаяны 1902 жылы 2 қазанда Ресей империясындағы Владимир губерниясының Флор ауылында (Ресей, Иваново облысы, Кольчугин ауданы, Флорищи ауылы) дүниеге келді.
1919—1921 жылдары ЖШҚӘ қатарында әскери борышын өтеді.
1922—1924 жылдары РКЖО Кольчугин уездік комитеті Төралқасының мүшесі (Иваново-Вознесенск губерниясы) болды.
1924—1925 жылдары БМСБ әскерлерінде қызмет атқарды.
1929 жылға дейін Ф. Э. Дзержинский атындағы фабрика фабкомының төрағасы болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, осы жылға дейін кешкі жұмысшы факультетінің тыңдаушысы болды.
1929—1934 жылдары Мәскеу түсті металдар және алтын институтында оқыды.
1934—1936 жылдары №34 зауыттың (Мәскеу) инженері, бас инженері болып еңбек етті.
1938 жылға дейін «Главцветметобработка» орталық ғылыми-зерттеу зертханасының инженері лауазымында мехнат қылды.
1938 жылдан бастап — 1939 жылдың қазанына дейін Қазақстан К(б)П Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің 1-хатшысы (орталығы Семей қаласы) ретінде еңбектенді.
1939 жылдың қазанынан — 1940 жылдың 2 наурызына дейінҚазақстан К(б)П Шығыс Қазақстан облыстық I конференциясының қаулысы, 1940 ж. 2–6 наурыз Қазақстан К(б)П ОК Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ұйымдастыру бюросының 1-хатшысы болды.
1940 жылдың 6 наурызынанҚазақстан К(б)П Шығыс Қазақстан облыстық комитеті I пленумының қаулысы — 1944 жылдың 5 қыркүйегіне дейін Қазақстан К(б)П Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің 1-хатшысы (орталығы Өскемен қаласы) қызметін атқарды.
1944—1947 жылдары Украина К(б)П Енакиево қалалық комитетінің 1-хатшысы (Сталин облысы) болып еңбек етті.
1948 жылы Енакиево цемент зауыты директорының орынбасары (Сталин облысы) міндетін атқарды.
1948—1951 жылдары «Новоросцемент» тресі басшысының орынбасары (Новороссийск қ., Краснодар өлкесі) лауазымында мехнат қылды.
1951 жылы Первомайск цемент зауытының директоры (Краснодар өлкесі) ретінде еңбектенді.
1967 жылдың қыркүйегінде Мәскеуде көз жұмды.Ашимбаев Д.Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008
Дереккөздер
Сілтемелер Федор Рванцев. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.
Санат:Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымының депутаттары Санат:Украина КП Енакиево қалалық комитетінің 1-хатшылары Санат:БК(б)П XVIII съезінің делегаттары Санат:БК(б)П XVIII конференциясының делегаттары