нобай|250px|Осы нейрон секілді сүтқоректілердегі жасушалардың көбісі үнемі осы фазада болады G0-фаза () — жасушаның бөліну цикліне қатыспаған кездегі кейпі. Оны дамыл фазасы деп те атайды.
Жасушалар дифференциясы аяқталған шақта олар осы фазаға өтеді, бірақ өз қызметтік бағдарламаларын атқаруды жалғастырады. Бұл нейрондар мен жүрек бұлшықеттерінің жасушалары мысалында анық байқалады. Яғни осы жасушалар толық жетілгенде, өз бөлінуін тоқтатады.
Сонымен қатар, G1 фазасындағы жасушаларға қажетті өсу факторлары мен минералды заттар жетіспегенде, олар бөліну циклін тоқтатады. Бірақ жағдай жақсарғанда, бөлінуді әрі қарай жалғастыра алады.
G0 фазадағы жасушада циклиндер мен CDK жүйесі болмайды.
Жасушаның тозуы Жасушаның тозуы да G0 фазаға өтуіне себепші болады. Егер G1/S бақылау нүктесінде ДНҚ-ның зақымдануы немесе басқа ауқымды деградация анықталса, жасуша S-фазаға өтуді тоқтатады. Алайда өз қызметтерін мүмкіндігінше атқара береді. Бұл G0 фазаға өтудің қайтымсыз түрі болып келеді.
Дереккөздер
Санат:Жасушаның тіршілік циклі