Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы — Қазақстан Республикасындағы педагогтарға берілетін құрметті атақ (мемлекеттік награда). Бұл атақ мұғалімдердің білім беру саласындағы үздік жетістіктері мен мемлекет алдындағы ерекше еңбегі үшін тағайындалады.

Тарихы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы 2019 жылы қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілді. Педагогтерге арналған бұл жеке мемлекеттік награда алғаш рет 2021 жылы берілді. Сол жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен 20-дан астам мұғалім осы атаққа ие болды. Жылпы барлығы 80-ге жуық педагог марапатталған.

Бұған дейін педагогтарға жалпы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» немесе басқа наградалар берілетін. Жаңа атақ мұғалімдердің еңбегін жоғары бағалауға және оларды моральдық, материалдық тұрғыдан қолдауға бағытталған.

Құқықтық негізі Атақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңға және «Педагог мәртебесі туралы» Заңға сәйкес беріледі. Оны Қазақстан Президентінің Жарлығымен тағайындайды. Иегерлері республикалық бюджеттен қосымша материалдық қолдау алады.

Артықшылықтары мен жеңілдіктері

Атақ иегерлері біржолғы немесе жыл сайынғы төлемдер алады. Мысалы, кейбір жылдары 1000 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде сыйақы тағайындалған. Педагогтер негізгі қызметіне кедергі келтіретін артық міндеттерден босатылады. Қоғамда жоғары бағаланады, білім беру саласындағы үздіктердің бірі ретінде танылады.

Берілу тәртібі Атақ әдетте жыл сайын бірнеше рет, Президент Жарлығымен беріледі. Иегерлер саны әртүрлі: бір жылда 7-ден 80-ге дейін мұғалім марапатталған.

Атаққа ұсыну үшін мұғалімнің ұзақ жылғы еңбегі, оқушылардың жетістіктері, инновациялық әдістері және қоғамға қосқан үлесі ескеріледі.

Белгілі иегерлер

2021 жыл

Алматы облысы № 1 мектеп-гимназиясының химия және биология пәнінің мұғалімі Татьяна Михайловна Станкевич Петропавл қаласының М. Айтхожин атындағы № 1 мектеп директоры Александр Юрьевич Курленя

2023 жыл

Забида Ахмедова – Жамбыл облысы Тараз қаласы «Б. Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы» КММ мұғалімі; Баян Базарғалиева – Ақтөбе облысы «Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ мұғалімі; Зәуреш Даумова – Қостанай облысы «Қостанай қаласы білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі; Толқын Дуланбаева – Шығыс Қазақстан облысы «Ю. Гагарин атындағы орта мектеп» КММ мұғалімі; Айгүл Ержанова – Астана қаласы «Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі» КММ мұғалімі; Әсемкүл Жақсылықова – Қызылорда облысы «Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ мұғалімі; Сәбит Ибадуллин — Павлодар облысы «Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені» КММ мұғалімі; Светлана Исаева – Жетісу облысы Талдықорған қаласы «М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі; Айжан Қапезова – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп» КММ мұғалімі; Сәбира Күлпейісова – Қарағанды ​​облысы Қарағанды ​​қаласы «А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі; Марфуға Күнтаева – Шымкент қаласы «Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы» МКК мұғалімі; Әлия Қадирова – Маңғыстау облысы «Ақшұқыр мектеп-лицейі» КММ мұғалімі; Серік Қазиханов – Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы «Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ мұғалімі; Майра Мамбетова – Алматы қаласы, еңбек ардагері; Рысжан Нұршина – Ұлытау облысы Жезқазған қаласы «№8 гимназия» КММ мұғалімі; Роза Салимова – Түркістан облысы «С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты» КММ мұғалімі; Ардақ Хайрлиева – Атырау қаласы «М.Өтемісов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ мұғалімі.

2024 жыл

Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының мұғалімі Ағыбай Нұғыманов, Ақтөбе қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейінің мұғалімі Наталья Пеннер Нағиша Есбосын

Маңызы Бұл атақ Қазақстанда педагог мамандығын беделді етуге, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін көтеруге бағытталған мемлекеттік саясаттың бір бөлігі. Ол «Қазақстанның Еңбек Ері» сияқты жоғары атақтармен қатар тұрады, бірақ педагогтарға арнайы бөлінген.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан марапаттары