Әлия Тобажанқызы Қозыкеева — техника ғылымының докторы (2010).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1963 жылы 27 тамызда Жамбыл облысы, Тараз қаласында туған.
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (1985, қазіргі М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті) бітірген. Осы институтта 1985-99 жылдары асситент, аға оқытушы қызметтерін атқарған, 1999 жылдан доцент. Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде "Су ресурстары және мелиорация" кафедрасының профессоры.ҚазҰАЗУ. Су ресурстары және мелиорация.
Ғылыми бағыты, еңбектері "Экологические принципы управления природными процессами бассейна Аральского моря" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 200-ге жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде 4 монография, 10 оқу құралының авторы, 4 авторлық куәліктің иегері.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Суару мелиорациясы.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессорлары