Шум бала () — өзбек жазушысы әрі ақыны Ғафур Ғұламның қаламына тиесілі хикаят. Автор шығарманы 1936 жылы жазған. Хикаят бірнеше рет басылып шыққан. Шығармада автордың балалық шағы, XX ғасыр басындағы Ташкент өмірі суреттелген.

Хикаят өткір сатиралық шығарма болып табылады және нақты оқиғалар мен адамдар тағдырына негізделген. Шығарманың өзегінде жазушы өмірінен алынған көптеген деректер болғанымен, автобиографиялық емес. Онда нақты тарихи фактілерге қарағанда көркемдік қиял, фантазия басым.

Повестьті Ф. Шайхутдинова (1968) және А. Наумов (1970) орыс тіліне, В. Гримич (1991) украин тіліне аударған. Сол жылы Ғафур Ғұламның туғанына 120 жыл толуына орай жазушы атындағы баспа тарапынан повестің жаңа өзбек тіліндегі басылымы жарық көрді.

Мазмұны Хикаятта шум бала — Қарабай туралы баяндалады. Қарабай үйінен кетіп қалып, өзінің тапқырлығы, зеректігі, тентектігі арқасында түрлі оқиғаларды бастан кешіреді. Шум бала бір топ ұрыға, әрбір сөзге «иннайкейин?» деп жауап беретін байға, есірткі қолданатын молдаларға жолығады.

Кейіпкерлер Қарабай — шум бала Омон — Қарабайдың досы Қодир аға — самауыршы Сұлтан — ұры Шарифжон — молда Сарыбой — бай Рахматулло — сарқор Хожи ата — молда

Дереккөздер

Санат:Өзбекше кітаптар Санат:Балалар хикаяттары