Әзиз би (Әзизқұл, Мырза Әзиз) (; Бұхара әмірлігі — 1860, Бұхара әмірлігі) — мемлекет және әскери қайраткері, дипломат. Бұхара әмірлігінің бас зекетшісі (қаржы министрі) және құшбегі — бас уәзірі (1837—1860).Миссия в Хиву и Бухару в 1858 г. флигель-адъютанта полковника Н. Игнатьева . — , 1897.Ахмад Дониш. История мангитской династии . — Душанбе: Дониш, 1967.

Әзиз би өзбектің маңғыт руынан шыққан және әскери бөлімше бастығы — тоқсаба шенін иеленген.

Саяси қызметі ​Әзиз би Насрулла әмірдің тұсында ресми түрде бас зекетші — қаржы министрі қызметін атқарды. Сонымен қатар, оған әмірліктің барлық сауда және дипломатиялық істері сеніп тапсырылды.

Әмір астанада болмаған кездерде, ол құшбегі — бас уәзірдің міндетін атқарып, іс жүзінде әмірліктің барлық істерін басқарды.

Қызықты деректер ​1858 жылы Хиуа мен Бұхараға жіберілген әскери-дипломатиялық миссияның басшысы Н.П. Игнатьев Әзиз бимен тығыз байланыста жұмыс істеді.

Әскери-дипломатиялық миссия мүшелері Бұхараға келген сапарында оларды Қаракөлде Әзиз бидің туыстары қарсы алды.

​Кейіннен Н.П. Игнатьев Насрулла әмірмен сауда шартын сәтті жасасып, әмірдің тұтқынында болған барлық Ресей азаматтарын босатты.

Отбасы ​Әзиз бидің ұлы Равшанкұл бек Сейіт Әбдімәлікке қызмет етті. Сейіт Әбдімәлік өз әкесі — Бұхара әміріне қарсы көтеріліс бастаған кезде, Равшанкұл бек Мұзаффардың жағына өтіп, мирахұр шенін иеленді.

Қазасы ​Әзиз би Мұзаффар әмірдің тұсында өлтірілді.

Әдебиет Миссия в Хиву и Бухару в 1858 г. флигель-адъютанта полковника Н. Игнатьева. СПб. 1897 Ахмад Дониш. История мангитской династии. Душанбе. Дониш. 1967 Абдалазим Сами. Та’рих-и Салатин-и Мангитийа. М. 1962

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша саясаткерлер Санат:Бұхара құшбегілері