Назгүл Тұрсынбайқызы Шыңғысова — филология ғылымының докторы (2011).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1971 жылы 14 қазанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ұзынбұлақ ауылында туған.
Қазақ ұлттық университетін (1994) бітірген. 1999 жылдан Қазақ ұлттық университетінде педагогикалық-ғылыми жұмыспен айналысады.
Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – журналистика. Өңірлік мерзімді баспасөздің қалыптасу және даму бағыттарын кешенді зерттеу мен жүйелеу, қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлін анықтау. "Өңірлік мерзімді баспасөздің даму тендециялары (қазақ тілді жарияланымдар бойынша)" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 1 монография, 2 оқу құралының авторы. 3 томдық "Қазақ журналистикасының" 2-томын құрастырушы авторлардың бірі.
Марапаттары Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2011).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Шынгысова Назгуль Турсынбаевна.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары