Ахмет Йешилтепе (; 1968 жыл наурыз) — түрік журналисі, радио және тележүргізуші. Ол өзінің тарихи және мәдени бағыттағы деректі фильмдерімен, әсіресе түркі халықтарының шығу тегі мен Орта Азия туралы зерттеулерімен танымал.
Өмірбаяны Ахмет Йешилтепе 1968 жылы туған. Әкесі Селахаттин Йешилтепе қауіпсіздік қызметінің бастығы болған, ал анасы Камиле Йешилтепе «Гөзтепе» спорт клубының тарихындағы алғашқы және жалғыз әйел жетекші ретінде белгілі. Ол Измир қаласында мектепті бітірген соң, Ескишехирдегі Анадолы университетінің Коммуникация факультетінде (Кинематография және теледидар бөлімі) білім алған.
Кәсіби қызметі Журналистік жолын 1992 жылы TRT (Түркия радио-телевизия мекемесі) арнасында бастады. Карьерасының алғашқы жылдарында Босния соғысы және Косово соғысы сияқты маңызды халықаралық оқиғаларда әскери тілші ретінде қызмет етті. Түркияға оралғаннан кейін, Лондон мен Нью-Йоркте медиа маркетинг бойынша магистрлік білім алды.
1997 жылы NTV телеарнасының Нью-Йорк бюросын құрып, жеті жыл бойы АҚШ-тағы тілшілік қызметті атқарды. Осы уақыт ішінде ол 11 қыркүйек оқиғасы сияқты әлемдік маңызы бар жаңалықтарды тікелей оқиға орнынан хабарлады.
2004 жылдан бастап Түркияда NTV арнасының «Ana Haber» (Негізгі жаңалықтар) бағдарламасын және басқа да сараптамалық хабарларды жүргізе бастады. Сондай-ақ «Doğuş Yayın Grubu» холдингінде радио хабарларының үйлестірушісі және NTVMSNBC интернет порталының бас редакторы болып жұмыс істеді.
Деректі фильмдері Йешилтепе тарихқа, археологияға және мәдениетке ерекше қызығушылық танытады. Ол NTV үшін бірнеше ғылыми-көпшілік деректі фильмдер сериясын дайындады: «Zaman Yolcusu — Uzaklar» (Уақыт жиһанкезі — Қиыр шет); «Zaman Yolcusu — Türklerin İzinde» (Уақыт жиһанкезі — Түркілердің ізімен); «Müze Ziyaretçisi» (Мұражай қонағы); «Kurtuluş Yolu» (Азаттық жолы); «Çanakkale’de 100. Yıl — 7 İnsan 7 Öykү» (Чанаккаледегі 100 жыл — 7 адам 7 тағдыр).
Марапаттары 2004 жылы Түркия Журналистер Қоғамының Седат Симави сыйлығына ие болды. 2017 жылы Қазақстанда орналасқан Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) тарапынан түркі дүниесінің мәдениеті мен тарихын насихаттауға қосқан үлесі үшін «Исмаил Гаспыралы атындағы медиа сыйлығы» берілді.
Жеке өмірі Үйленген, Лидя (2012) және Мина (2016) есімді екі қызы бар.
Дереккөздер
Санат:Түркия журналистері Санат:Тележүргізушілер Санат:Деректі фильм режиссерлері