Винер-Штадтхалле (, , Вена қалалық залы) — аустриялық Вена қаласының 15-ауданында орналасқан көп мақсатты арена және конференц-зал.

Шамамен 16 152 адам сыйдыратын Винер-Штадтхалленің негізгі залы — Аустрияның ең үлкен жабық аренасы.

Сипаттамасы нобай|солға|Винер-Штадтхалле ғимараты, 1972 жыл

2006 жылдан бері Винер-Штадтхалленің алты басты залы бар (әрбіреуі қосылса да, бөлінсе де болады): мұз айдыны, ғимарат ішіндегі ірі залы, кішкентай көп мақсатты залы, сахнасы бар дәрісхана, бассейны және екі гимназиясы бар.

Ғимаратта түрлі іс-шаралар, соның ішінде концерттер, көрмелер, конференциялар, дәрістер, театр, телевизия мен спорт іс-шаралары өтеді.

Винер-Штадтхалле — Wien Holding компаниясының еншілес ұйымы. Ғимаратқа жыл сайын миллион шақты қонақ келеді.

Тарихы 1953 және 1958 жылдары құрылған бастапқы залдар дизайнын аустриялық архитектор жасаған болатын. Ғимарат кейін 1974, 1994 және 2006 жылдары кеңейтілді.

Ғимаратта түрлі спорт іс-шаралары, соның ішінде Austrian International бадминтон сайысы және 1967, 1977, 1987, 1996 және 2005 жылдардағы Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өткен.

2014 жылғы 6 тамызда Österreichischer Rundfunk (ORF) аустриялық хабар тарату ұйымы Штадтхалледегі 2015 жылғы Eurovision ән байқауының өтетінін жариялады. Бұл Копенгаген, Даниядағы 2014 жылғы сайыстағы Кончита Вурсттың жеңісінен кейін шешілді. Байқаудың 60-іс-шарасы осылайша Штадтхалледе өтті; жартылай финал 19 және 21 мамырда, финал 23 мамырда. Ән байқауы нәтижесінде швециялық Монс Сельмерлёв жеңді. 2025 жылғы 20 тамызда 2026 жылғы Eurovision ән байқауының да Штадхталледе өтетіні жария болды. 2025 жылғы байқауда жеңген «Wasted Love» әнін шырқаған аустриялық әнші JJ болатын.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша стадиондар Санат:1958 жылы құрылған стадиондар Санат:Вена спорт құрылыстары Санат:Жабық стадиондар Санат:Көп мақсатты стадиондар Санат:Аустрия стадиондары Санат:Рудольфсхайм-Фюнфхаус