Даштабат () — Өзбекстанның Жызақ облысы Заамин ауданындағы қала. Қала халқы: 23 900 адам.
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық Даштабат — шағын қала. Ол халық саны бойынша өз елінде 107-ші орында (Өзбекстан), облыста 5-ші орында (Жызақ облысы). Әлемдегі барлық қалалар арасындағы орны: шамамен 17766 орын.
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық: Замин (20 км), Хауас (30 км), Зафарабат (31 км, Тәжікстан), Жаңажер (32 км), Пақтаабат (34 км), Балашаһар (37 км), Наурыз (43 км), Сардоба (46 км), Диқанабат (48 км), Пахтакор (49 км), Гүлістан (49 км), Истаравшан (50 км, Тәжікстан), Жаңақыстақ (50 км), Үштөбе (50 км), Жызақ (51 км), Шырын (55 км), Баяут (58 км), Жаңаабат (60 км), Зафарабат (63 км), Гагарин (64 км).
Тарихы Даштабат қаласы осы аттас стансаның жанында Обручево елді мекені ретінде пайда болды. Бұл атау геолог, Орта Азия мен Сібірді зерттеуші, әйгілі «Санников жері» романының авторы Владимир Обручевтің құрметіне берілген. Бір қабатты вокзал ғимараты және оның жанында су тартқышты ақпан төңкерісіне дейін Каспий маңы теміржолының құрылысшысы патша генералы Михаил Анненков батальонының сарбаздары салған. Стансаның ғимаратында осы жерлердің тарихи өткенін еске түсіретін үлкен дөңгелек пеш сақталған.
Шөл даланың экономикалық дамуы кезінде ауыл 1974 жылы Ульяново болып аталып, сол кезеңде қала болып қайта құрылды. 1990 жылдары қала Даштабад деп аталды.
Экономикасы және инфрақұрылымы Қалада мақта тазалау, ұн комбинаты, қабырға жабын материалдары, лак-бояу материалдарын шығаратын, құрылыс және автомобиль зауыттары, егін базары, сауда және қызмет көрсету орындары, қонақ үйлер, 5 жалпы білім беретін мектеп, спорт мектептері, аурухана, перзентхана, спорт кешені бар. Даштабад арқылы Ташкент-Самарқан темір жолы мен Үлкен Өзбекстан тас жол желісі өтеді.
Дереккөздер
Санат:Жызақ облысы қалалары