Измит сағат мұнарасы () — Түркияның Измит қаласында орналасқан және Осман империясы бойынша сұлтан ІІ Абдул-Хамидтің таққа отырғанының 25 жылдығын атап өту құрметіне Осман провинцияларының губернаторларына жіберілген жарлыққа сәйкес салынған көптеген сағат мұнараларының бірі болып табылады. Измит мұнарасы 1902 жылы Измит губернаторы Мұса Қазым-бейдің тапсырмасымен сәулетші Ведат Тектің жобасы бойынша салынды. Басқа деректерде сағат мұнарасының сәулетшісі жергілікті армян-осман тегінен шыққан Михран Азарян деп көрсетілген.

Неоклассикалық стильде салынған Измит сағат мұнарасы сұлтан Абдул-Азиздің Хюнкар павильонының дәл алдында орналасқан. Ол төрт қабатты және ауданы 3,65 х 3,65 метрді құрайды. Бірінші қабатта субұрқақтар жұмыс істейді, ал сағат оның ең жоғарғы деңгейінде орналасқан. Екінші және үшінші қабаттардың барлық төрт қасбетін Осман сұлтаны ІІ Абдул-Хамидтің мөрлері безендірген. Сағат мұнарасын тәж тәрізді жауып тұрған үшкір конус үстінен қорғасынмен жабылған.

Сағат мұнарасы XX ғасыр бойы Измит тарихының ажырамас бөлігі болып табылады, қаланың символына айналды.

Осман империясының бұрынғы (Балқан провинцияларында, әсіресе қазіргі Сербия, Босния және Черногория қалаларында, мысалы, Белград, Приеполе, Сараево, Баня-Лука, Градачац және Стара-Варош сияқты жерлерде, осман уақытындағы ұқсас сағат мұнаралары әлі күнге дейін сахат-кұлалар деп аталады (бұл атау түрік тіліндегі «Сағат мұнарасы» деп аударылатын Saat Kulesi сөздерінен шыққан).

2006 жылы Измит сағат мұнарасы қалпына келтірілді.

Дереккөздер

Санат:Измит Санат:Түркияның сағат мұнаралары Санат:1902 жылы салынған ғимараттар мен құрылыстар