2020 жылғы 9 қарашада Екінші Қарабақ соғысы кезінде Әзербайжан Қарулы күштері Ресейдің МИ-24 (НАТО коды — «Hind») тікұшағын жерге тасымалданатын зениттік-зымыран кешенінен атқылау нәтижесінде атып түсірді. Экипаждың екі мүшесі қаза тауып, біреуі жарақат алды. Оқиға Армения аумағындағы Ерасх елді мекенінің маңында, Әзербайжанның Нахичеван Автономиялық Республикасынан бірнеше шақырым жерде болды. Әзербайжан билігі бұл шабуылдың қателікпен жасалғанын мәлімдеп, кешірім сұрап, өтемақы төлеуді ұсынды.
Оқиға Алғышарттар Оқиға даулы Таулы Қарабақ аймағы үшін жүріп жатқан соғыс кезінде орын алды. Бұл өңір де-факто өзін-өзі жариялаған, халықаралық деңгейде мойындалмаған Арцах Республикасының бақылауында болды. Арцахты Армения қолдады. Алайда бұл аумақ де-юре Әзербайжанның бір бөлігі болып саналды және солай болып қала береді. 2020 жылғы 8 қарашада Әзербайжан күштері төрт күндік ұрыстан кейін Шуша қаласын өз бақылауына алды.
Тікұшақтың атып түсірілуі Тікұшақ 2020 жылдың 9 қарашасында Армениядағы Ерасх ауылы маңында, Әзербайжанның Нахичеван Автономиялы Республикасынан бірнеше шақырым жерде және Таулы Қарабақ шекарасынан шамамен 70 шақырым қашықтықта, жерден ПЗРК-дан атқылау нәтижесінде атып түсірілді. Вертолёт Гюмридегі Ресейдің 102-ші әскери базасының колоннасын ертіп жүрген. Оқиғадан кейін көп ұзамай Әзербайжан шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, бұл әрекеттің қателікпен болғанын мәлімдеді, Ресейден кешірім сұрап, өтемақы төлеуге дайын екенін білдірді.
Әзербайжан тарапының мәліметінше, ресейлік тікұшақ түнгі уақытта, төмен биіктікте және Әзербайжан әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің радарларына ілікпейтін аймақта ұшқан. Сонымен қатар, олар ресейлік тікұшақтың армян-әзербайжан шекарасына тым жақын ұшқанын және бұған дейін бұл ауданда ресейлік тікұшақтардың байқалмағанын хабарлады.
Салдары Тергеу Оқиғадан кейін Армениядағы Ресей әскери базасы мен Әзербайжанның Бас прокуратурасы оқиғаға байланысты тергеу бастады. 2021 жылғы 4 қаңтарда әскери тергеушілер қылмыстық істің бабы ауырлатылғанын хабарлады. Бастапқыда «абайсызда адам өлімі» ретінде тіркелген іс кейін «қасақана кісі өлтіру» ретінде қайта сараланды.
Атысты тоқтату туралы келісім Оқиға атысты тоқтату туралы келісімге қол қойылған күні орын алды. The New York Times басылымының журналистері Антон Трояновский мен Карлотта Галлдың пікірінше, бұл жағдай Ресейге соғысқа араласуға себеп беруі мүмкін еді. Алайда атып түсірілген МИ-24 тікұшағының бітім келісімінің жасалуына нақты қандай әсер еткені белгісіз күйінде қалды.
Реакция Қатысушы тараптар Оқ атылғаннан кейін көп ұзамай Әзербайжанның қорғаныс министрі Закир Гасанов Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгуға көңіл айту хат жолдады. Сонымен қатар, Ресей Сыртқы істер министрлігі Әзербайжанның оқиға үшін жауапкершілікті дереу мойнына алуын оң бағалады. Кейінірек Ресей президенті Владимир Путин тікұшақ бортында болған әскери қызметшілерді «Ерлігі үшін» орденімен марапаттады.
Басқа 18 қарашада Армения президенті Армен Саркисян ресейлік ұшқыштарды «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. 12 желтоқсанда Армения үкіметі Ерасх ауылында зымыран соққысы нәтижесінде қаза тапқан ресейлік ұшқыштарды еске алуға арналған уақытша мемориалдық тақта орнатты және дұға ету рәсімі өткізілді.
Галерея thumb|250px thumb|250px thumb|250px
Дереккөздер
Санат:2020 жылдағы Армения Санат:Халықаралық оқиғалар Санат:Армениядағы авиациялық оқиғалар Санат:Екінші Қарабақ соғысы Санат:Ресей және Қарабақ қақтығысы