Комрат Республикасы (, ) — 1906 жылғы 6 қаңтарда Бірінші орыс революциясы кезінде Бендер уезінің шаруалары орнатқан халықтық өзін-өзі басқару құрылымы. Сол жылдың 12 қаңтарына дейін өмір сүрді.
Тарихы thumb|1906 жылы румын шекарашысы Прут өзенінің оң жағалауында тұрып, арғы беттегі орыс ауылдарының өртенуін бақылап тұр. 1905 жылы Бірінші орыс революциясының толқулары Бессарабияға жеткен еді. Шаруалар көтерілістер жасап, үкіметтік күштермен қақтығыстар орын алған.
Харьков технология институтының студенті, эсер Андрей Галацан Бендер уезіндегі Комрат ауылында жасырын ұйым құрған болатын. Галацан серіктестерімен бірге самодержавиені құлатуға және помещиктердің жерлерін тартып алуға шақырған. Нәтижесінде ол тұтқындалған, бұл жағдай жергілікті халықтың наразылығын туғызған.Прометей. Камрады из Комрата.
1906 жылы 6 қаңтарда Комратта митинг өтіп, ол тәртіпсіздіктерге ұласты. Галацанның жақтаушылары приставты, урядникті және жергілікті биліктің бірнеше өкілін тұтқындады. Көтерілісшілер Комрат республикасының құрылуын жариялап, Галацан басқаратын волостық комитетті сайлады. Комитеттің алғашқы шешімдері салықтарды жою, қарыз міндеттемелерін жою және помещиктердің жерлерін шаруаларға беру болды.
1906 жылы 10 қаңтарда «Русское слово» газетасының корреспонденты былай деп хабарлаған: «Он мыңдық Комрат ауылы – көтерілісшілердің қолында. Автономия жарияланды. Билік құлатылды және тұтқындалды. Драгундар дәрменсіз. Кеше ол жерге барған вице-губернатор екінші эскадронды жіберуді сұрауда».
Алты күннен кейін көтеріліс басылды. Нәтижесінде Галацан мен басқа да ұйымдастырушылар Сібірге каторгаға жер аударылды, тағы 40 адам түрмеге қамалды.
Мұрасы Андрей Галацанның есімімен Комрат мемлекеттік университеті орналасқан көше аталған.
Әдебиет Первухин В. Ф. Комрат республикасы. — Одесса, 2006 жыл.
Дереккөздер
Санат:1906 жылы құрылған мемлекеттер мен аумақтар Санат:1906 жылы жойылған мемлекеттер мен аумақтар Санат:Гагаузия тарихы Санат:Гагаузия Санат:Ресей тарихындағы мемлекеттер