Мирмициндер — құмырсқалардың бір қосалқы тұқымдасы, шамамен 140 тірі туысы бар;Bolton, B. (2014). "Myrmicinae". AntCat. олардың таралу аймағы – бүкіл әлемге кеңінен жайылған. Қуыршақтарында кокон болмайды. Кейбір түрлерінде шағуға қабілетті без сақталған. Мирмициндер тұқымдасына жататын құмырсқалардың қасағасында екі буын болады. Ұялары тұрақты, оларды топырақта, шіріген ағаш ішінде, тастардың астында немесе ағаштардың бойында салады.Goulet, H & Huber, JT (eds.) (1993) Hymenoptera of the world: an identification guide to families. Agriculture Canada. б. 224
Мирмициндер тұқымдасына жататын жұмысшы құмырсқалардың айқын ажыратылатын постпетиолі болады, яғни құрсақтың үшінші бөлімі төртінші бөлімнен едәуір кіші әрі оларды жақсы дамыған тарылыс бөліп тұрады. Пронотум мезосоманың қалған бөліктерімен қатты байланысқан, сондықтан промезонотальды жігі нашар байқалады немесе мүлдем жоқ, ал көбінде шағу мүшесі бар. Клипеус жақсы дамыған, соның нәтижесінде мұртшалардың негіздері бастың алдыңғы жиегінен алыста орналасқан. Көптеген Мирмициндер туыстарында жақсы дамыған көздер және антенналық кірістірулерді жартылай жасыратын маңдай бөліктері бар."Subfamily: Myrmicinae" . antweb.org. AntWeb.
Трибалардың саны 25-тен алтыға дейін қысқартылды:Ward, Philip S.; Brady, Sean G.; Fisher, Brian L.; Schultz, Ted R. (July 2014). "The evolution of myrmicine ants: phylogeny and biogeography of a hyperdiverse ant clade (Hymenoptera: Formicidae)"
Attini Smith, 1858 Crematogastrini Forel, 1893 Myrmicini Lepeletier de Saint-Fargeau, 1835 Pogonomyrmecini Ward, Brady, Fisher & Schultz, 2015 Solenopsidini Forel, 1893 Stenammini Ashmead, 1905
Дереккөздер
Санат:Құмырсқалар Санат:Жәндіктер Санат:Жарғақ қанаттылар Санат:Буынаяқтылар