Ала ад-Дин мешіті (тур. Alâeddin Camii) — Түркияның Конья қаласындағы ең көне сәулеттік көрнекті орын. Мешіт қаланың орталық (тарихи) жотасында орналасқан, ол да Ала ад-Дин атымен аталады. Бұл мешіт Селжұқ сұлтандарының кесенесі болып табылады.
Тарихы thumb|left|220px|Ала ад-Дин мешіті, 1849 жыл 1080 жылы Селжұқтар Коньяны басып алғаннан кейін көптеген византиялық ғибадатханалар біртіндеп мешіттерге айналдырылды. Ала ад-Дин мешітінің негізінде де бұрынғы византиялық базилика болған. Алғашқы қайта құру жұмыстары 1150 жылы Сұлтан I Масұд тұсында басталды.Konya, The Grove Encyclopedia of Islamic Art and Architecture, Vol.2, (Oxford University Press, 2009), 391 Осы кезеңге 1155 жылы жасалған қара ағаштан жасалған мінбер жатады, ол Анатолиядағы селжүктер өнерінің ең көне үлгісі болып табылады.Scott Redford, The Alaeddin Mosque in Konya Reconsidered, Artibus Asiae, Vol. 51, No. 1/2, 1991 Сондай-ақ, осы уақытта қышпен безендірілген михраб пен орталық күмбез салынған. 1219 жылы султан I Кей-Кавус кезінде мешітті қайта құру және кеңейту жұмыстары қарқынды жүргізілді. Оның тұсында қаланы және сұлтан сарайын қарастыратын солтүстік жағынан монументалды фасад салынды. Сол уақытта мәрмәрдан жасалған сұлтандардың кесенесінің құрылысы басталды, бірақ Кей-Кавустың қайтыс болуы бұл жұмысты тоқтатты. Құрылыс оның інісі және мұрагері I Ала ад-Дин Кей-Кубад кезінде қайта жалғасты. Ала ад-Диннің бұйрығымен 1235 жылы мешіттің бас залында 42 бағана орнатылды. Осыдан кейін мешіт алты жарым ғасырдан астам уақыт бойы айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ. Тек 1891 жылы минарет тұрғызылып, жаңа мәрмәр михраб жасалды. Architecture, The Grove Encyclopedia of Islamic Art and Architecture, Vol.2, (Oxford University Press, 2009), 117
Кония сұлтанатының Ала ад-Дин мешітінде жерленген сұлтандары thumb|200px|left|Анонимді мавзолей I Масұд II Қылыш-Арслан Рукн ад-дин Сүлейман-шах I Кей-Хосров I Ала ад-Дин Кей-Кубад II Кей-Хосров IV Қылыш-Арслан III Кей-Хосров
Сондай-ақ, I Кей-Кавус кезінде сегізбұрышты кесене салынған, бірақ толық аяқталмаған. Қазіргі уақытта ол Adsız Türbe («Анонимді мавзолей») деген атпен белгілі, өйткені онда жерленген адамдардың есімдері әлі күнге дейін белгісіз.
Галерея thumb|Орталық залдағы колонналар thumb|Михраб thumb|Орталық күмбез thumb|Мінбар thumb|Оңтүстік фасад
Дереккөздер
Сілтемелер Ала әд-Дин мешітінің «ArchNet» цифрлық кітапханасындағы беті Ала әд-Дин мешітінің 3D моделі